«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) Курчатов қаласында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Қала аумағында 1 шаруа қожалығы және 2 фермер қожалығы жұмыс істейді. Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мәселе – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болмауы. Соған қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде аздаған өсім байқалады. 2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша:
ет – 26,4 тонна (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсті);
сүт – 100,5 тонна (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға өсті);
жұмыртқа – 3,7 мың дана өндірілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 86,2 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 100,8%.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын сақтау мақсатында Бөлім ветеринариялық қызметпен және қалалық полиция бөлімімен бірлесіп, мал иелері тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.
Жыл басынан бері қала аумағында малды заңсыз жаюдың 11 фактісі анықталып, олардың иелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 45 412 теңгені құрады.