Меню

Страницы

Статья

Білім беру

Қалада 4 жалпы білім беретін мектеп, 2 мемлекеттік балабақша және 1 жеке балабақша, 2 шағын орталық, балалар музыка мектебі, спорт клубы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі жұмыс істейді.
Инклюзивті білім беру жағдайында толыққанды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау мақсатында Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебінде 2019 жылы 5,0 млн.теңге сомасына кіру тобын бейімдеу бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінде білім алушылар 100% ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз етілген.
Барлығы тегін ыстық тамақпен 720 оқушы қамтылды, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары – 574, және 146 оқушы жеңілдікпен (жетім және ата – ана қамқорынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған)
Барлық жалпы білім беретін мектептер лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен, химия, биология, физика кабинеттерімен, оның ішінде робототехника кабинеттерімен (100%) қамтамасыз етілген. Барлық мектептер Интернетке қосылған. Оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100 %. Білім беру ұйымдарының кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға қаржыландырудың жалпы көлемі 4, 9, 10 сынып оқушылары үшін 35,5 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 21,9 млн. теңге және облыстық бюджет есебінен 13,6 млн. теңге. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 164 балаға мектеп формасын алу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен 3,0 млн.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жазғы демалыспен 602 оқушы қамтылды(тамақтанумен мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары, "Берег" базасындағы демалыс, Катонқарағай, Үржар және Бесқарағай аудандарының сауықтыру лагерлері).
2019 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен балалардың қаладан тыс жерлерге шығуы және елді мекендерден балаларды тасымалдау үшін құны 13,0 млн.теңге мектеп автобусы және құны 12,0 млн. теңге газель сатып алынды.

Дата публикации
16 января 2020
Дата обновления
16 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Вконтакте
Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы