Меню

Страницы

Статья

Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

      Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі  – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, яғни аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

           Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп  өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2020 жылғы қаңтар-ақпан  айында 479,6  млн.теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі %-бен өткен жылмен салыстырғанда 84,1 құрады..

           Өндіру өнеркәсібі 89,6 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 139,0  %-ды құрады.

           Тамақ өнімдерін өндіру  18,0 млн. теңге, өнімдердің нақты көлемінің индексі 96,6%. Нан тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру13,6 млн. теңге, Өнімдердің нақты көлемінің индексі 98,3 %.

           Жеңіл өнеркәсіптегі өндірілген өнімнің көлемі  10,8 млн. теңге, Өнімдердің нақты көлемінің индексі  179,3 %.  Тоқыма бұйымдарын өндіру  6,1 млн.  теңге, Өнімдердің нақты көлемінің индексі  249,9%. Киім өндіру 4,7 млн.  теңге, Өнімдердің нақты көлемінің индексі өткен жылғы тиісті кезеңге 98,8  %-ды құрады.

           Химиялық өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 49,8 млн.  теңге.

           Машина жасау өнімінің көлемі 10,5 млн.  теңге, Өнімдердің нақты көлемінің индексі  110,9%.

           Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 158,7 млн.  теңге, Өнімдердің нақты көлемінің индексі  93,6 %.                         

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, іздеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет  29,5 млн.  теңге, Өнімдердің нақты көлемінің индексі  89,7 %.

Дата публикации
16 января 2020
Дата обновления
16 января 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Вконтакте
Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы