Меню

Страницы

Статья

Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы 2025 жылдың ең танымал есімдерін жариялады. Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша облыс тұрғындары сәбилеріне көбіне Абай, Ислам, Әмина және Жасмин есімдерін берген.

Аталған кезеңде өңірде 6000-нан астам бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға артық. Қыз балалар арасында ең танымал есімдер – Алина мен Жасмин болса, ұл балалар арасында – Абай мен Ислам есімдері көш бастап тұр. Әрбір есім жиырмадан астам рет тіркелген.

Айта кетсек, нәрестенің тууын тіркеуге өтінімді бірнеше тәсілмен беруге болады: халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Сондай-ақ, бұл қызметті проактивті форматта да алуға мүмкіндік бар. Яғни, босанған анаға бір тәулік ішінде 1414 нөмірінен құттықтау SMS-хабарлама келіп, онда қызметті алу үшін қажетті ақпарат кезең-кезеңімен сұралады.

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
26 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Вконтакте
Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы