2025 жылдың 21-23 тамыз күндері қаламызда Алмас Аманкелұлы Оңдақановты еске алуға арналған футзалдан ашық өңірлік турнир өтеді.
Өтетін орны – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
(Тәуелсіздік көшесі, 8 үй).
Басталуы – сағат 9:00-де.
21-22 тамыз күндері командалар арасында турнирлік ойындар өтеді.
23 тамыз күні жүлделі орындар үшін финалдық ойындар ойнатылады.
Турнирге Курчатов қаласының командасы, сондай-ақ Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан және Абай облысы аудандарынан командалар қатысады.
Баршаңызды жарысты тамашалауға, жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырамыз!