Меню

Страницы

Статья

Спорт

  «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    Курчатов қаласында балалар мен жасөспірімдермен бұқаралық спортты дамыту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

Курчатов қаласындағы спорт мекемелерінің желісін Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Спорт клубы ұсынады.

Қалада 23 спорт нысан жұмыс істейді.

Анықтама үшін: 4 хоккей корты, 1-жүзу бассейні, 4-спорт залы, 14 жазықтық құрылым, 8 - спорт алаңы, 6 - алаң.

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны артып келеді, есепті кезеңде бұл көрсеткіш 41,8 % - құрайды, бұл сәйкес кезеңнен 3,8% - ға жоғары (2022-38, 0%).

Анықтама үшін: Курчатов қаласында тұратын 9841 адамның 4114-і дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады немесе қала халқының жалпы санының 41,8% - ы.  

БЖСМ спорт секцияларында 570 оқушы оқиды, спорттың 9 түрі бойынша (армрестлинг, волейбол, дзюдо, гір спорты, қазақ күресі, шаңғы жарысы, футбол, үстел теннисі, жүзу,) спорт клубында 300-ден астам адам 11 секцияда оқиды (хоккей, таэквондо, футбол, қазақ күресі, волейбол, фитнес, гір спорты, ұлттық спорт түрі жекпе-жек, Садақ ату, асық ату, шахмат).

Дене шынықтыру мен спортты дамыту және насихаттау мақсатында қалада барлық спорт түрлері бойынша турнирлер, біріншіліктер, жарыстар өткізіледі.

2026 жылдың 1 тоқсанындағы жоспарға сәйкес 20 астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде «Наурыз» мерекесіне қаланың орталық алаңында келесі спорттық іс-шаралар өткізілді: Қазақ күресі, гір спорты, арқан тарту, қой, лақ көтеру бойынша жарыстар.

Дата публикации
06 января 2025
Дата обновления
18 июня 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Вконтакте
Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы