Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Сіздердің назарларыңызға 2019 жылы атқарылған жұмыстар және 2020 жылы біздің алдымызда тұрған міндеттер туралы ақпаратты ұсынамын.
Халық саны 12 302 адамды құрайды.
Қалада орташа айлық жалақы 174 485 теңгені құрайды, бұл 2018 жылға қарағанда 9,4%-ға артық.
2019 жылы меншікті кірістерінің бюджетке түсуі 1 311,7 млн.теңгені құрады, 115,6% орындалды.
2019 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3 184,0 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 503,9 млн.теңгеге артық (118,8%). Нақты көлем индексі 118,5 % құрады.
Өнім көлемінің негізгі өсімі «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тантал өндірісінің байыту фабрикасымен ұсынылған қаланың тау-кен өндіру саласына тиесілі.
Осы саланың нақты көлем индексі көрсетілген уақыт ішінде 34,3% - ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде 512,3 млн.теңге сомасына өнім өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,0 млн. теңгеге аз (2018 жылғы қаңтар-желтоқсан – 574,3 млн. теңге),өсу қарқыны – 89,2%, нақты көлем индексі – 112,1%. Өңдеу саласының өндіріс көлемінің өсуі бір реттік медициналық киім мен керек -жарақтарды (спирттік салфеткалар, полиэтилен бахилалар және т.б., өндіруші – «Мерусар и К» ЖШС) шығаруды ұлғайтуды қамтамасыз етті.
2019 жылдың 12 айында негізгі капиталға инвестиция көлемі 2 865,2 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 608,5 млн.теңгеге кем, өсу қарқыны – 52,3%, нақты көлем индексі - 51,4%.
Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Курчатов қаласына 2 583,3 млн теңге сомасында негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша жоспар – тапсырма жасалды, ол ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша толық көлемде орындалды.
Негізгі капиталға қосымша инвестициялар тарту шеңберінде біз тас көмірді өндіру бойынша қолданыстағы өндірісті кеңейту мүмкіндігін қарастырамыз, бастамашы «Қаражыра» АҚ. Қазіргі уақытта фабрика құрылысы үшін алаң таңдау және үйінді астындағы алаңды анықтау мәселесі шешілуде.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1 436,7 млн.теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 835,3 млн. теңгеге кем (2018 жылдың 12 айында – 4 272,0 млн теңге). Нақты көлем индексі 32,8 % құрады.
Осы көрсеткіштің төмендеуі 2018 жылы Курчатов қаласының магистральды коллекторы бар кәріз жүйелерін және сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстардың аяқталуына байланысты.
2019 жылдың 12 айында бөлшек тауар айналымының көлемі 6 956,2 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 835,8 млн теңгеге артық, нақты көлем индексі – 106,4%. Оның ішінде: кәсіпорындар 1 655,2 млн теңге, жеке кәсіпкерлер 5 301,0 млн теңге.