2020 жылдың 1 сәуіріне «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрғын-үй көмегін тағайындау туралы өтініштерімен 27 адам тұратын 17 отбасы жүгінді. 17 отбасына 139,1 мың теңге сомаға көмек тағайындалды.
Қалада мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және қарттар мен мүгедектерге үйден жеке әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жоқ. Жыл басынан үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер 30 жалғыз тұрып жатқан қарт адамдар мен 7 мүгедек-балаларға, барлығы 37 адамға төрт әлеуметтік қызметкерлермен көрсетіледі. Курчатов қаласында арнаулы әлеуметтік көмекті алуға кезек жоқ.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеу 2020 жылға 470,0 мың теңгені құрайды, бірінші тоқсанға 3 балаға 95,4 мың теңге төленді.
2020 жылы 17 міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 12 өтініш қабылданды және 12 адам оның ішінде 7 бала 100 пайыз қамтылды. Қозғалыс құралымен 3 өтініш қамтамасыз етілді (серуендеуге және үй ішіне арналған кресло арба).
Міндетті гигиеналық құралдармен және қозғалыс құралдары мұқтаж мүгедектердің есіктеріне дейін жеткізіледі.
Жеке көмекші қызметіне 1 топтағы 3 мүгедек өтініш берді және 3 мүгедек жеке көмекшінің қызметін алуда.
Облыс аумағында орналасқан «Уба» шипажайы» КММ 2020 жылдың 6 зейнеткер демалып, денсаулықтарын түзеді. ШҚО төтенше жағдайға байланысты шипажай – курорттық емделуді наурыз айынан бастап тоқтатылды.
2020 жылға атаулы мемлекеттік көмекке 21 971,0 мың теңге бөлінді, осы жәрдемақы жыл басынан 106 адам, соның ішінде 82-і 18 жасқа дейінгі бала тұратын 106 отбасыға тағайындалды. 23 отбасына 1 590,0 мың теңге төленді.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша 2020 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 7 401,0 мың теңге бөлінді, жыл басынан бастап 851,110 мың теңге 13 адамға төленді.
Жыл басынан бастап он әлеуметтік маңызды аурумен ауратындарға 278,349 мың теңге, 5 адамға 2019 жылдан бастап және 2020 жылы 2 адамға төленді.