Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат

 ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің ең маңызды саяси оқиғаларының бірі. Жаһандық экономикалық дағдарыстың қалыптасқан жағдайында бұл Жолдау әсіресе уақтылы және өзекті.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы  мемлекетіміздің қарқынды  даму бағытын анықтайтын еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі болып табылады. Биылғы Жолдау «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдау. Онда Мемлекет басшысы «Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына сенімді кіруді қамтамасыз ететін» 5 негізгі бағытты анықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық – түсіндірмелік жұмысының жоспары әзірленіп, бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдарында іс – шараларды жариялау бойынша медиа – жоспар бекітілді, сонымен қатар ағымдағы  жылдың соңына дейін Жолдаудың негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша ұйымдастырылған  іс – шаралардың желілік кестесі құрылды.

Ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін қалалық ақпараттық топ құрылды. АТ мүшелерінің жалпы саны - 45 адам.

Қалалық ақпараттық топтың құрамына қаланың бірінші басшылары,  қоғам қайраткерлері, барлық мекемелер мен ұйымдардың өкілдері кіреді. Ақпараттық топтың мүшелері қоғамда және өз ұжымдарында құрметке ие. Спикерлер тізімі құрылған.

Түсіндірмелік іс – шаралар бекітілген желілік кестесіне сәйкес жүргізіледі. 2020 жылдың 1 тоқсаны жағдайы бойынша қалалық ақпараттық топпен 11 кездесу өткізілді. Барлық кездесулер «Нұр Отан» партиясының  қалалық филиалымен бірлесе өткізіледі.

Барлық білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау кәсіпорындары мен ұйымдары мекемелерінде Жолдау туралы тақырыптық бұрыштар және стендтер ұйымдастырылған.

ҚР Президентінің Жолдауының  толық мәтіні қала әкімінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланған. Барлық атқарылған жұмыстар жергілікті «Курчатов көкжиегі» газетінде, қала әкімінің ресми сайтында, сонымен қатар ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Есептік кезеңде  Вконтакте, Ғaсebook, Одноклассники, Инстаграмм   әлеуметтік желілерінде 11 материал жарық көрді.

Дата публикации
12 августа 2020
Дата обновления
12 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Вконтакте
Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы