Қалада мәдениет саласындағы қызметті атқаратын негізгі объектілер Қалалық мәдениет үйі, Қалалық кітапхана, Достық үйі болып табылады.
Биылғы жылы өткізілетін негізгі іс-шаралар ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған.
Қалалық мәдениет үйі Ертіс өзенінің жанында орналасқан. Бұл барлық қала тұрғындарының мақтанышы. Қалалық мәдениет үйінде 310 орындық концерт залы бар, онда мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты жиындар, би кештері, конкурстар, түрлі бағыттағы көрмелер өткізіледі.
Қалалық мәдениет үй – ересектер мен балаларға арналған көркемөнерпаздар шығармашылық орталығы.
Қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарында түрлі жанрдағы үйірмелер жұмыс істейді, олар: хор, хореографиялық, эстрадалық-вокалдық топтар. 2022 жылы шығармашылық ұжымдардың саны – 12, оның 6- балаларға, 6- ересектерге арналған. Қатысушылар саны 200-ден асады.
Жыл бойы қалалық мәдениет үйінде 85 іс-шара өткізілді: салтанатты жиындар, мемлекеттік мерекелерге арналған мерекелік концерттер, қаланың орталық алаңында халықтық мерекелер, күнтізбелік және балалар мерекелері, конкурстар мен фестивальдар.
2022 жылғы 28 қаңтарда қалалық мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Сағындым, апа дауысынды» кеші өтті.
Ағымдағы жылдың ақпан айында мәдениет мекемелерінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу.
Ақынның поэзиясының мәнін және оның өмірінің құпиясын көрсету, оның өлеңдерін оқу және оларды оқырманның назарына ұсыну. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл іс-шаралар ақынның өз тәжірибесін бейнелейді.
1 наурыз-Алғыс айту күні. Мереке аясында Достық үйінде Ашық есік күні өтті. Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған танымдық және қызықты кездесулер өтті. Кездесу соңында мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мерекелікконцерт ұсынды, онда халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мәдениет мекемелерінде бірқатар тақырыптық іс-шаралар өтті. 5 наурызда қалалық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті.
Фойеде келушілерге «Батыр әйел-халық данасы» фото-көрмесі, декаративті қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды.
Суретке түскісі келетіндер үшін гүлдерден фото аймақ құрылды. Іс-шараларды безендіру-бұл үлкен шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Көрмелерді безендіру және барлық іс-шараларға арналған фото аймақ-бұл қалалық мәдениет үйінің суретшісі В.В. Мартусеваның жұмысы.
Наурыз айында қаланың көркемөнерпаздар ұжымдары мен қатысушылары халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық байқауларға қатысты: «Фантазия» би ұжымы жетекшісі З. В. Мотвиенко 12 наурызда Павлодар қаласында өткен «ZHULDYZGA GADAM» ашық өңірлік конкурс-фестиваліне қатысты. «Халық биі» номинациясында ұжымның ересек тобы «Вальс» биін орындап, 1- орынды иеленді, сондай-ақ «Русская пляска» биімен Гран-при ұтып алды.
«Жас толқын» үйірмесінің мүшелері ALASH STAR «TOP JARGAN» халықаралық көп жанрлы өнер байқауына қатысып, Курчатов қаласының барлық қатысушылары жүлделі орындарға ие болды, үйірме жетекшісі Р.А. Кучукова «Үздік ұстаз» номинациясы, арнайы стауэтка мен Құрмет грамотасымен марапатталды.
Есепті кезеңде мәдениет мекемелері іс-шараларды өткізу кезінде ұлттық мәдени брендті енгізуге ат салысты.
Қазақстандық брендті танымал етудің жарқын мысалы – Наурыз мерекесі. 2022 жылы Наурыз мейрамын мерекелеу үшін қаланың үш алаңында киіз үй қалашығы орналастырылды.
Киіз үйлерде қонақтарға әртүрлі ұлттық тағамдар ұсынылып, және жеке концерттік бағдарламамен қарсы алды.
Қалалық мәдениет үйі театрландырылған қойылым және мерекелік концерт дайындады. «Үлкен бауырсақ», «Наурыз көже» байқауларында қатысушылар қазылар алқасының ғана емес, қала тұрғындарының да құрметіне иеленді. Балаларға арнап алтыбақан, ұлттық стильде суретке түскісі келетіндер үшін арнайы киіз үй орнатылды. Қазақстанның визит карточкалары домбыра, көкпар, қазақ күресі, бәйге, қыз қуу сияқты ұлттық брендке айналған спорттық ойындардың бұл түрлері жалпықалалық іс-шараларды өткізу кезінде пайдаланылды.
Мерекелік іс-шаралар эстафетасы мамыр айында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай басталды, дәстүр бойынша Тәуелсіздік алаңында мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі мәдениеттерден, жергілікті шығармашылық ұжымдар мен әртістердің өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар, Достық шаңырағымен театрландырылған қойылым қойылды.
7 мамырда Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы 3514 әскери бөлімімен бірлесіп Отан қорғаушылар күніне арналған «Мәңгілік ел тұғыры-қуатты армия» атты мерекелік концерт өткізді.
Салтанатты жиында адал еңбегі үшін ерекше көзге түскен әскери қызметшілер төсбелгілермен марапатталды, Құрмет грамоталары табыс етілді. Іс-шараны Мәдениет үйі әртістерінің концерттік бағдарламасы жалғастырды.
Ұлы Отан соғысы жылдардағы Жеңіс күнін мерекелеу митингімен ашылды, онда қала әкімі, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары Азат етуші-Жауынгер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Біздің жадымызда мәңгі қалатындардың барлығын митингке қатысушылар бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, Мәңгілік алау мемориалына гирляндалар мен гүлдер қойылды. Қалалық мәдениет үйі кешкі бағдарламада концерт өткізді.
20-мамыр күні Курчатов қалалық мәдениет үйінде ҚХР-дан тарихи атамекеніне деген махаббатымен жыр шашуын шашып келген ақын Қайрат Ахмердің 60 жастың асқаралы биігін бағындырған мерейтойына орай, 6-бірдей кітабының тұсаукесу рәсімі өтті. Тұсау кесерге қала тұрғындары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара «Асыл әжелер» вокалдық тобының орындауында Қайрат Ахмердің өлеңдеріне жазылған әнмен сүйемелденді, «Жас толқын» балалар үйірмесінің мүшелері ақынның өлеңдерін оқыды.
1 маусымда Курчатов қаласында Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен атап өтілді.
Балалар жылы аясында Тәуелсіздік алаңында мереке балалардың әдемі шеруімен басталды.
Шеруге балабақшалар мен жазғы лагерьлердің балалары қатысты. Балалар шығармашылық үйі Шеруді басқара отырып, көңілді және тату-тәтті бағанды алаңға апарды, онда ертегі кейіпкерлері бәрін қарсы алды.
Ертегі кейіпкерлері барлық балаларды ойын алаңдарына апарды. Алаң асфальттағы түрлі-түсті суреттермен көмкерілген. Балалар спорттық және ойын-сауық ойындарына қатысты.
Балалар үшін «әуе шарлары бар Дартс», «Спорттық-ойын алаңы», «Бисер тоқу», әуе шарларынан фигуралар жасау бойынша ойын алаңдары ұйымдастырылды.
Содан кейін Курчатов қаласының кішкентай тұрғындары қатысқан мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы қарсаңында Тәуелсіздік алаңында «ҚР рәміздері – ұлттық мақтанышымыз патриоттық акциясы өтті, салтанатты түрде ҚР Мемлекеттік Туы енгізілді және барлық қатысушылар мемлекеттік әнұранды орындады.
Қала әкімі О.В. Чугунков сөз сөйлеп, 18 жасқа толған ҚР азаматына жеке куәліктер табыс етті. Соңында мәдениет үйінің әртістері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
4 маусымда қала көшелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай авто және веложарыс өтті.
Қаланың мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары ұжымдарының қызметкерлері ақ машиналар колоннасын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды, әр машинаның үстінде Мемлекеттік Ту желбіреді. Автошерудің соңғы нүктесі мерекелік іс-шара өткен «Жастар» саябағы болды. Соңында мәдениет үйінің әртістері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
16 маусымда алаңда «Выпускные июньские ночи» атты қалалық мектеп бітіру кеші өткізілді.
Мектеп бітіру кеші-мектептің әр түлегі үшін маңызды оқиға. Өйткені, мектеппен қоштасудан бөлек, бұл күні балалық шақпен қоштасу болады. Қалалық мектеп бітіру кеші біздің қалада дәстүрлі және маңызды күн болып саналады. Қаланың 75 жылдығына орай 78 мектеп түлегі орта білім туралы аттестат алып, өмірінің жаңа кезеңіне аяқ басты. Барлық қатысушылар үшін соңғы мектеп вальсінің орындалуы әсерлі сәт болды, Курчатовтың кешкі аспанына жүздеген түрлі-түсті шарлар ұшты, ал біздің түлектердің құрметіне арналған түрлі-түсті отшашулар алаңда бітіру кешін аяқтады.
23 маусымда қалалық мәдениет үйінде қазақстандық полицияның 30 жылдығы мен мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ полиция ардагерлері мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңында мерекелік концерт өтті.
Шілде айында мәдениет мекемелері қазақ халқының мәдени нышаны-домбыра күнін мерекелеуге арналған қалалық іс-шара өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Курчатов қаласының 20-дан астам виртуоз-домбырашысы осы іс-шараға белсенді қатысты. Қала тұрғындары үшін ұлттық қазақ аспабына арналған «Домбыра-қазақтың үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Концерт тыңдаушыларына дәмді бауырсақ пен хош иісті ыстық шай ұсынылды. Іс-шара соңында домбырашылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
21-22 тамызда Курчатов қаласы күнінің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар, көрмелер өткізілді. Ертіс өзенінің бойында «Қой көтеру», Бәйге, Қазақ күресі, Армрестлинг, гір спорты бойынша жарыстар өткізілді. Спорттық іс-шаралар диджейдің қатысуымен жастар дискотекасымен аяқталды.
22 тамызда Курчатов қаласы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында «Курчатов қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болған курчатовтықтарды, өтілі бар отбасыларды, жас жұбайларды және қаланы байырғы тұрғындарын марапаттау рәсімі өтті. Қала күнін мерекелеу аясында Семей қаласының Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармониясы, сондай-ақ Павлодар қаласының Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясы концертпен шақырылды.
Жыл сайын Курчатов қаласы Қазақстан халқының Тілдер күнін ауқымды түрде атап өтеді. 5 қыркүйек күні қалалық мәдениет үйінде Қазақстан халқының Тілдер күніне және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға «Русана», «Свиточ» этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, армян, татар, неміс ұлттарының өкілдері, сондай-ақ қала мектептерінің оқушылары қатысты.
29 тамызда мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды.
Қала мекемелері мен ұйымдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне қала әкімі қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны және жемісті еңбегі үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Мерекелік іс-шараны, қалалық мәдениет үйінің әртістері дайындаған мерекелік концерті аяқтады.
24 қазанда қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі-Республика күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өткізілді.
Бүкілхалықтық мерекеге арналған салтанатқа атқарушы және өкілді билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпорындар, жастар ұйымдарының басшылары, ҰОС және еңбек ардагерлері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, қала әкімі Қазақстан үшін тәуелсіздік жылдары өмірдің барлық салаларында түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын атап өтті.
Салтанатты жиын барысында қаланың дамуына қосқан үлесі үшін қоғам қайраткерлері, белсенді қала тұрғындары, ардагерлер, әлеуметтік маңызы бар мамандықтардың қызметкерлері марапатталды.
Салтанатты шара қаламыздың шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертімен аяқталды.
Желтоқсан айында «Надежда» вокалдық тобының «Песня остается с человеком» мерейтойлық концерті өтті. «Надежда» вокалдық тобы өзінің алғашқы онжылдығын атап өтеді. Топ 2012 жылдың күзінде қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылды, жетекшісі Краснопольская Светлана Вячеславовна. 10 жыл бойы «Надежда» халық әндері жанрындағы қойылымдарымен қуантады, сонымен қатар патриоттық және лирикалық шығармаларды орындайды.
Көптеген жылдар бойы жаңа жыл қарсаңында Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі кішкентай тұрғындарды ертегі қойылымдарымен және шыршаның жанында көңілді билермен қуантады.
23-30 желтоқсан аралығында қалалық мәдениет үйінде жаңа жылдық іс-шаралар өтті: Жаңа жылдық ертегі, «Бір Ақшақардың керемет тарихы» балалар мюзиклі және қала балаларына арналған «Жаңа жылдық калейдоскоп» шыршасының жанындағы Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Мұнда балалар ертегі кейіпкерлері үшін алаңдап, Аяз Ата мен Ақшақармен бірге шырша жанында би биледі. Балалар үшін ертегі атмосферасы құрылды.
Жаңа жыл қарсаңында қала алаңында ересек тұрғындарды Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алды. Қала алаңына келгендердің барлығы көңілді жаңа жылдық ойындар мен байқауларға қатысты.
Содан кейін курчатовтардың назарына мерекелік отшашу ұсынылды.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ел бірлігі – жаңа Қазақстан» жаңа жобасы аясында қаланың мәдени өміріне жаңа серпін берді. Шығармашылық ұжым құрамында Курчатов қаласына «Қазақконцерттің» солистері келді: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Азамат Жылтыргузов, Жанна Орынбасарова, ҚР Мәдениет үздігі Перизат Тұрарова және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары болды.
Жыл бойы Курчатов қаласына Семей қаласының Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармониялары, Павлодар қаласының Иса Байзақов атындағы филармониясы концертпен келді.
Сондай-ақ, қазан айында «Алатау серілері» тобының гастрольдері өтті. Әртістер қала тұрғындарына өздерінің керемет шығармашылықтарын сыйға тартты. Көрермендер алдында нағыз шоу өтті, онда топтың әр композициясы, мейлі ол халық әні болсын, авторлық жоба болсын, патриотизм сезіміне толы болды.
Өскелең ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарына деген құрмет пен патриоттық сезімді рухани дамыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерге қол жеткізу үшін жыл сайын Курчатов қаласына жеке жоспар бойынша тек Абай облысының ғана емес, басқа облыстардың да театрларлары келеді, қараша айында Өнер қырандарының «Қаракет қорына 5 жыл» атты концерті өтті.
Курчатов қаласының тұрғындары үшін екі концерт көрсетілді, 600-ден астам ризашылық білдірген көрермендер көңілді театр-музыкалық бағдарламаның куәсі болды.
Қалалық кітапхана мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ақпараттық, мәдени және білім беру қызметін іске асыру арқылы оңтайлы жағдайлар жасауға; оқырмандардың шығармашылық әлеуеті мен танымдық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі. Оқу мәдениетін, ақпараттық сауаттылықты дамыту, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды, ұлттық, экологиялық, азаматтық-құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қалалық кітапхана қызметінің негізгі мақсаты:
- мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
- оқырмандардың барлық жас санаттарына кітап қызметін көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- қала тұрғындарына анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
- балалар мен жастар арасында кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау бойынша жұмыс жүргізу.
Сондай-ақ, «Жас толқын» мәнерлеп оқу үйірмесі жұмыс істейді, оған 70-тен астам бала қатысады.
Есепті кезеңде қалалық кітапхана 65 іс-шара өткізді, оның ішінде 34 кітап көрмесі, 30-дан астам мәдени-демалыс іс-шаралары.