Курчатов қаласының 2025 жылға арналған бюджеті нақтылауды ескере отырып, 4,7 млрд. теңгені құрады.
Ағымдағы жылы бюджетті нақтылау 4 рет, бюджетті түзету 8 рет жүргізілді.
Ашық бюджеттер порталында барлық ББӘ бойынша 2024 жылға арналған іске асыру туралы есептер мен 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жобалары жасалды.
Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында «Халықтық қатысу бюджеті» порталы ашылды. Аталған «Халықтық қатысу бюджеті» жобасының мақсаты Курчатов қаласының аумағын азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде дамыту және абаттандыру болып табылады. 2026 жылға арналған жобаларды конкурстық іріктеу жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны бойынша да есептер дайындалып ұсынылды:
- Қаржы бөлімінің жұмыс кестесіне сәйкес ай сайын барлық қосымшаларымен түсіндірме жазбамен Курчатов қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есеп беру;
- Түсіндірме жазбамен және «бюджеттік процестің мониторингі», «Е-Минфин» бағдарламасында кредиторлық және дебиторлық берешектің болуы туралы есеп;
- бюджет кірістерінің атқарылуы туралы күнделікті есеп, бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жұмыс жүргізілді;