«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) Курчатов қаласында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Қала аумағында 1 шаруа және 2 фермер қожалығы жұмыс істейді. Курчатов қаласы ауыл шаруашылығының негізгі проблемалық мәселесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болмауы болып табылады. Алайда, осыған қарамастан, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде аздап өсім байқалады, осылайша 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша:
ет 151,2 тонна (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4% -ға өсу);
сүт 571,3 тонна (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,2% өсті);
жұмыртқа 78,1 мың дана.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1025,6 млн. теңгені, НКИ – 115,9% -ды құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығының ӨЖШ 578,8 млн. теңгені (НКИ – 129,9%), мал шаруашылығының ӨЖШ 446,5 млн. теңгені (НКИ – 101,2%) құрады.