2025 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі мемлекеттік бақылау шеңберінде жүргізілген іс-шаралар туралы есеп

     Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына (2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 535/НҚ өзгерістермен) сәйкес мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген.

Аталған тізілімге сәйкес Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары 57 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдар келесі ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді: «Е-Халық» АЖ, «Е-Собес» АЖ, ХҚКО АЖ, «Shanyraq» тұрғын үй кезегі, «E-qazyna.kz», «Мекенжай тіркелімі» АЖ, «Е-лицензиялау» АЖ, МҚК ААЖ (мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі), ЖМЖК АЖО (жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры).

2025 жылы Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдары барлығы 537 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде, кеңсе арқылы баламалы негізде көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер – 37 (6%);
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер – 24 (5%);
  • электрондық форматта көрсетілген қызметтер – 476 (89%), оның ішінде:
    • Электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы – 293 (61%);
    • «Е-лицензиялау» арқылы – 168 (35%);
    • көрсетілетін қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз және тікелей байланыс арқылы, сондай-ақ өтінімді қолмен енгізу жолымен көрсетілген қызметтер – 15 (4%).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден 69 бас тарту тіркелді, барлық бас тартулар заңды және негізделген.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда 53 түсіндіру іс-шарасы орналастырылды. Қамту көрсеткіші – 19 921 адам.

2025 жылы ішкі мемлекеттік бақылау аясында 2 бақылау іс-шарасы өткізілді, бақылау объектілерінің саны – 2.

2025 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі мемлекеттік бақылау шеңберінде жүргізілген іс-шаралар туралы есеп
Дата публикации
21 января 2026