Курчатов қаласында жалпы саны 1-ден 11 сыныпқа дейін 1 560 оқушы және мектепалды сыныптарда 125 бала бар төрт жалпы білім беретін орта мектеп, жалпы саны 546 бала бар – үш балабақша, 305 бала контингенті бар балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі, 137 бала – музыка мектебі жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда ИНДИГО порталында мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау бойынша 77 бала кезекте тұр.
2024-2025 оқу жылында – 11 сыныптарда 83 түлек, оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне – 6, үздік аттестарттарға – 9.
Жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сынып оқушыларына, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға (100%) тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарынан (118 оқушы) балаларды мектеп формасымен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге 5,4 млн.теңге бөлінді, бұдан басқа, «Мектепке жол» акциясымен 96 оқушы қамтылды.
Республикалық және облыстық конкурстар мен олимпиадаларға қатысатын мектеп оқушыларының жетістіктерін атап өткім келеді, олар 402 жүлделі орынға ие болды.