Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат

    Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмысы қала әкімдігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіліп, 2025 жылы мемлекеттік бағдарламалық құжаттарда көзделген басым міндеттерді іске асыруға бағытталды.

Анықтама үшін: жұмыс Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған Мәдени саясаты тұжырымдамасы, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы, 2023–2029 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарда көзделген басым міндеттерді іске асыруға бағытталды.

Атқарылған жұмыс туралы есеп пен 2026 жылға арналған жоспар тиісті Тұжырымдамаларда айқындалған міндеттерді орындау бойынша нақты қадамдарды көрсетеді.

Аталған мәселелер 2025 жыл бойы Курчатов қаласы әкімдігінің, маслихат  отырыстарында жан-жақты қарастырылды.

Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы мекемелер желісіне қалалық мәдениет үйі; қалалық кітапхана; достық үйі; тілдерді оқыту орталығы; спорт клубы; балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (облыстық бағыныста) кіреді.

Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
13 января 2026