«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) Курчатов қаласында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Қазіргі кезде қала аумағында 2 шаруа қожалығы және 1 фермерлік шаруашылық қызмет жасайды. Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы бойынша өзекті мәселе, бұл ауыл шаруашылығына арналған жердің жоқтығында байланысты болып отыр. Осы өзекті мәселеге қарамастан ауыл шаруашылық мал басының саны мен өнімдерінің көлемі ұлғаюда.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларына жеткізілген 524,1 млн теңге жоспармен, орындалуы 563,7 млн. теңгені, НКИ – 95,3% құрады.