Қаладағы мәдениет саласындағы қызметті шоғырландырған негізгі мекемелер – Қалалық мәдениет үйі мен Қалалық кітапхана.
Биылғы жылы өткізілген негізгі іс-шаралар Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Конституцияның 30 жылдығына арналды.
Абай облысы, Курчатов қаласының «Қалалық кітапханасы» КММ
Қалалық кітапхананың жалпы кітап қоры 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша – 37 866 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар – 10 400 дана. Кітапханаға келушілер саны – 11 994, кітап беру – 27 784. Кітапхана оқырмандарына жыл сайын 100-ден астам мәдени-ауқымды іс-шаралар өткізіліп, әртүрлі жас топтарын қамтиды.