Ішкі саясат саласындағы жұмыс ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
«Абай облысы Құрчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің штаттық кестесіне сәйкес, штатта 11 бірлік бар, оның ішінде: 3 мемлекеттік қызметші: бөлім басшысы, 2 бас маман, 8 техникалық қызметші: 2 инспектор, редактор, редактор-аудармашы, 2 әдіскер, жүргізуші, 1 бос орын (әдіскер).
ҚР Президентінің Жолдауы бойынша жұмыс
ҚР Президентінің Жолдауын зерделеу және талқылау бойынша халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық ақпараттық топтың құрамы бекітілді. Топ 39 адамнан тұрады.
Қалалық ақпараттық топ құрамына қала ұйымдары (мекемелері)ның бірінші басшылары мен өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар енгізілді.
2025 жылдың екінші тоқсанында Жолдау және Ұлттық құрылтай бойынша әлеуметтік желілерде 15 материал жарияланды.