«Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 2-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарты

Қазіргі кезде қала аумағында 2 шаруа қожалығы және 1 фермерлік шаруашылық қызмет жасайды. Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы бойынша өзекті мәселе, бұл ауыл шаруашылығына арналған жердің жоқтығында байланысты болып отыр. Осы өзекті мәселеге қарамастан ауыл шаруашылық мал басының саны мен өнімдерінің көлемі ұлғаюда.

2025 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі:

ет 58,4 тонна;

сүт 322,4 тонна;

жұмыртқа 27,9 мың дана құраса.

Ауыл шаруашылық мал басының саны:

ІҚМ – 1150 бас;

қой мен ешкі – 993 бас;

шошқа – 7 бас;

жылқы – 514 бас;

құс -1015 басты құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 191,6 млн.теңге және НКИ – 99,2 %. Оның ішінде: мал шаруашылғының ӨЖШ 191,6 млн.теңге (НКИ 99,2 %).

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстау мақсатында, Бөліммен, қала аумағына жақын жатқан қала мен аудандардың қатысуымен  ауыл шаруашылығы жәрмеңкелер ұйымдастырылып отырылады. Ағымдағы кезеңде жалпы сомасы 13,3 млн. теңгеге 15 жәрмеңке ұйымдастырылды.

Ауыл шаруашылық малдарын бағу қағидасын сақтау мақсатында, ауыл шаруашылық мал басы иелерімен бұзушылықтар жібермеу үшін Бөлім ветеринариялық қызметпен, қалалық полиция бөлімімен бірлесіп ескерту мен алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары Молдары кенті мен Дегелен станциясының мал иелеріне жүргізілді.

«Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 2-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарты
Дата публикации
29 июля 2025