Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ-де 2025 жылдың І жартыжылдықта атқарылған жұмыс және саланы дамыту перспективалары туралы ақпарат.

Курчатов қаласында 2 жастан 6 жасқа дейінгі 410 бала баратын 2 мемлекеттік балабақша («Журавушка» - 265 бала, «Күншуақ» - 145 бала), 60 бала баратын 1 жастан 6 жасқа дейінгі бір жеке меншік «Ақ – бөбек» балабақшасы жұмыс істейді. «Журавушка» және «Ақ – бөбек» балабақшаларында мемлекеттік және орыс тілді топтар жұмыс істейді (Журавушкада – 11 топ: 4 мемлекеттік тілде, 7 орыс тілінде, «Ақ – бөбек» - 3 топ: 1 мемлекеттік тілде, 2 орыс тілінде), «Күншуақ» балабақшасында барлығы 6 топ мемлекеттік тілде тәрбие-білім беру жұмыстарын жүргізеді.

№ 2 ЖОББМ және № 3 ОМ  мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс істейді, онда 125 бала тәрбиеленуде: толық күн болатын 2 топ және 5 сағат болатын 3 топ.

Мектепке дейінгі ұйымдар 595 балаға жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес қаржыландырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ата-ананың төлемі айына 18 000 теңге құрайды.

Сондай - ақ, 595 баланың 137-сі тегін тамақтанады (бұл көпбалалы отбасылардан шыққан балалар) және 5 бала ҚР ҰЯО демеушілерінің есебінен.

Бүгінгі таңда ИНДИГО порталында мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау бойынша 177 бала кезекте тұр.

Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ-де 2025 жылдың І жартыжылдықта атқарылған жұмыс және саланы дамыту перспективалары туралы ақпарат.
Дата публикации
29 июля 2025