«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

  1. Әлеуметтік көмек

2025 жылдың басынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке (МАӘК) 64 адамнан тұратын 15 отбасы, оның 45-і  18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 4 көпбалалы отбасы, 25 адам,  оның 18-і  балалар.

Ағымдағы жылдың ақпан айына МАӘК есептелген сомасы 3 325,9 мың теңгені құрады. МАӘК төлемі 2 824,6 мың теңгені құрады.

Жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі арнайы комиссия 15 отырыс өткізіп, онда 21 құжат пакеті қаралды (1 төлемге, 20-сы полигон куәлігінің телнұсқасын беру үшін).

01.07.2025 жылғы жайдай бойынша 485 адам жалпы сомасы 39 969,7 мың теңгеге әлеуметтік төлемдермен қамтылды, оның ішінде: атаулы және мерекелік даталарға 475 адам – 38 480,0 мың теңге және өтініштер бойынша жергілікті бюджеттен – 789,7 мың теңге.

  Тұрғын үй көмегін алу үшін 11 адамнан тұратын 5 отбасы қатынасты. Тұрғын үй көмегінің есептелуі 114,6 мың теңгені құрады.

«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы
Дата публикации
28 июля 2025