ТҮКШ саласы
Қаланы абаттандыру сапасын жақсарту мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында, Курчатов қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық жағдайын жақсарту, қолайлы экологиялық жағдай құру және халықтың тұруына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, Курчатов қаласының аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша іс-шараларды өткізу туралы Курчатов қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №45/1 қаулысы шығарылды.
Осы қаулыға сәйкес, 2025 жылғы 05 сәуірден 07 маусым аралығында қала аумағында сенбілік форматында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екі айлық іс-шаралар кешені өткізілді.
Екі айлық сенбілікке 6 000-нан астам адам қатысып, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының техникалары жұмылдырылды, 299 тонна қоқыс жиналып, шығарылды, қаланың барлық қоғамдық орындарына санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, 6 субұрқақ тазартылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 831 ақпараттық материал жарияланды.
Молдар мен Дегелең станциясында экологиялық заң бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеу мақсатында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейд қорытындысы бойынша аталған учаскелердің тұрғындарына анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде хабарламалар табыс етілді.