2025 жылдың 5 айындағы денсаулық сақтау ақпараты

Денсаулық сақтау саласы. 2025 жылдың 5 айына

Қалалық ауруханада 23 дәрігер мен 69 орта медициналық қызметкер медициналық көмек көрсетеді.

 2025 жылдың 5 айында қала бойынша жалпы өлім - жітім 52 тұрғынды құрады, бұл көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 5,2 құрады. 2024 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3,7 (38 тұрғын) құрады.

 Туу коэффициенті: 2025 жылдың 5 айында 41 бала (1000 тұрғынға 4,0). 2024 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5,7 (59 бала) құрады.

 Туберкулезбен алғаш ауырғандар 100 мың тұрғынға шаққанда 9,9 құрады (1 жағдай). Туберкулезден өлім тіркелген жоқ. 2024 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 19,5 (2 жағдай) құрады. Өлім тіркелген жоқ.

Қатерлі ісіктердің біріншілік жиілігі 100 мың тұрғынға шаққанда 127,5 құрады (13 жағдай). Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 29,4 (3 жағдайды) құрады. 2024 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 114,7 (12 жағдайды) құрады. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 38,2 (4 жағдайды) құрады.

Ана өлімі тіркелген жоқ. 2024 жылы нәресте өлімінің 1 жағдайы тіркелді.

2025 жылдың 5 айындағы денсаулық сақтау ақпараты
Дата публикации
24 июня 2025