Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласы білім бөлімі» ММ-де 2025 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

Курчатов қаласында 2 жастан 6 жасқа дейінгі 410 бала іс жүзінде баратын 2 мемлекеттік балабақша («Журавушка» - 265 бала, «Күншуақ» - 145 бала), 1 жастан 6 жасқа дейінгі бір жеке «Ақ – бөбек» балабақшасы жұмыс істейді, оған 60 бала барады. «Журавушка» және «Ақ – бөбек» балабақшаларында мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын топтар жұмыс істейді (Журавушка – 11 топ: 4 мемлекеттік тілде, 7 орыс тілінде, «Ақ – бөбек» - 3 топ: 1 мемлекеттік тілде, 2 орыс тілінде), «Күншуақ» балабақшасында барлық 6 топ мемлекеттік тілде тәрбие-білім беру жұмыстарын жүргізеді.

№ 2 ЖББОМ және № 3 ОМ-де мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс істейді, онда 125 бала тәрбиеленуде: толық күн болатын 2 топ және 5 сағат болатын 3 топ.

Мектепке дейінгі ұйымдар 595 балаға жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес қаржыландырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ата-ананың төлемі айына 18 500 теңгені құрайды.

Сондай - ақ, 595 баланың 147-сі тегін тамақтанады (бұл көпбалалы отбасылардан шыққан балалар) және 5 бала ҚР ҰЯО демеушілік көмегі есебінен.

Бүгінгі таңда ИНДИГО порталында мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау бойынша 159 бала кезекте тұр.

Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласы білім бөлімі» ММ-де 2025 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
Дата публикации
24 июня 2025