2025 жылдың басынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке (МАӘК) 31 адамнан тұратын 7 отбасы, оның 22-і 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 2 көпбалалы отбасы, 13 адам, оның 9-ы балалар.
Ағымдағы жылдың қаңтар айына МАӘК есептелген сомасы 373,6 мың теңгені құрады, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 18 балаға әлеуметтік пакеттерді монетизациялауға 47,2 мың теңге. МАӘК төлемі қаржыландырудан кейін ағымдағы жылдың ақпан айында жүзеге асырылады.
Жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі арнайы комиссия 1 отырыс өткізіп, онда полигон куәлігінің телнұсқасын беру үшін 1 құжат пакеті қаралды.
Тұрғын үй көмегін алу үшін отбасы мүшесінің 1/3 бөлігіне 1 пакет құжат алынды, тұрғын үй көмегінің есептелуі 2,4 мың теңгені құрады. Төлем 2025 жылдың наурыз айында төленеді.
2025 жылғы 01 ақпан жағдайы бойынша Курчатов қаласында 234 мүгедектігі бар адам бар, оның ішінде 27-і 1-топтағы мүгедектігі бар адамдар (оның 9-ы арбаға таңылған), 78-ні 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар, 3-топтағы мүгедектігі бар адамдар – 79 және мүгедектігі бар балалар 50 (соның ішінде 3 бала арбаға таңылған).
Ағымдағы жылдың 01 ақпандағы жағдайы бойынша оңалтудың жеке бағдарламалары құрылған мүгедектігі бар адамнан 22 өтініш түсті.