Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айында 2454,7 млн.теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 86,8 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 92,2 %-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 419,5 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 68,9 %-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2020 жылғы қаңтар- қыркүйек айында 1417,0 млн. теңгені құрады. Өткен жылға 67,8 %. Құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-қыркүйек айларына 1327,5 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 138,4% өсті. 2020 жылғы 1 қазан шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 77 бірлікті құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 92,8 %, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 51 бірлік (2019 жылдың сәйкес кезеңіне 83,6 %).