Ішкі саясат саласындағы жұмыс ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
«Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат кестесіне сәйкес штатта 11 бірлік, оның ішінде 3 мемлекеттік қызметші – бөлім басшысы, 2 бас маман, 8 техникалық қызметкер, оның ішінде 2 инспектор, редактор, редактор-аудармашы, 3 әдіскер, жүргізуші.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы
Жолдауды зерделеу және талқылау бойынша халық арасында жүйелі ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық ақпараттық топтың құрамы бекітілді. Топ 43 адамнан тұрады.
Қалалық ақпараттық топ құрамына қаланың бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері, депутаттар, барлық мекеме-ұйым өкілдері кіреді.
2025 жылдың 1 тоқсан бойынша әлеуметтік желіге 200 материал жарияланды, Ұлттық құрылтай бойынша-80. 1 Тоқстан бойынша 2 баннер ілінді.