2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 5869,6 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1261 млн.теңгеге артық (өсу қарқыны 127,4%). Нақты көлем индексі 118,1% құрады.
Жоспар-тапсырма қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша 4619,2 млн. теңгені құрады, жеткізілген жоспар-тапсырма орындалды. Өңдеу өнеркәсібінде 791,1 млн. теңгеге немесе өткен жылдың ұқсас кезеңінен 74,9 млн. теңгеге артық өнім өндірілді (өсу қарқыны 110,5 %). Нақты көлем индексі 100,3 % құрады.
2024 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 3368,3 млн.теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 808,7 млн. теңгеге артық (өсу қарқыны 131,6%). Нақты көлем индексі 133,5 % құрады.