Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   37-бабына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2015 жылғы 18 қарашадағы 10-бабына сәйкес:

  1. Бөлім басшылары, әкім аппаратының басшысы:

1) жұмыс пен басшылыққа алу үшін қоса беріліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қабылдасын;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мәтінін қала әкімдігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің барлық мемлекеттік қызметшілерінің назарына жеткізсін;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт нормаларының сақталуына жауапты лауазымды тұлғаларды айқындасын.

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Абай облысы Курчатов қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (З.С. Кабышева) облыс әкімінің сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жариялау жөніндегі шараларды қабылдасын.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

                       

 

Қала әкімі                                                                                                   Б. Абдралиев

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы
Дата публикации
07 февраля 2025