Абай облысы Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасынасәйкес айқындалсын.
  2. Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасынасәйкес анықталсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат төрайымы                                                       Г. Хусайнова

Абай облысы Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Дата публикации
05 февраля 2025