Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қалалық мәдениет мекемелері өз жұмысында негізінен онлайн форматқа көшті. Бекітілген перспективалық жұмыс жоспарына өзгерістер енгізілді.
2020 жылдың 3 тоқсанында мәдениет мекемелерімен 30 – дан астам іс – шаралар өткізілді, оның ішінде онлайн конкурстар – 2, онлайн викторина – 1, онлайн концерттер – 5, фотография конкурсы-1, онлайн акция – 1, әдеби – музыкалық акция – 1, кітап көрмелері – 5, музыкалық челлендж – 2, кездесулер – 2, дөңгелек үстел – 3, театрландырылған қойылым – 1, медиацияның бірыңғай күні – 1, музыкалық құттықтау – 1, қалалық конкурс - 2, акция-1, дискусия-1.
Іс-шаралар барысында аудиториямен қашықтықтан өзара қарым қатынас жасау үшін әлеуметтік желілер белсенді қолданылды.
Мәдениет мекемелерінде тікелей эфирде концерттер, экскурсиялар, дәрістер, мастер-класстар, жаңартылған кітаптарға шолу жүргізілді.
Өткізілген мәдени-бұқаралық іс-шаралардың бейнежазбалары ресми сайттарда және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Қала тұрғындарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді қалалық кітапхана жүзеге асырады.