2025 жылдың 1 қаңтарына Курчатов қаласы бюджетінің атқарылуы туралы түсіндірме жазба

2024 жылы қала бюджетіне 2 554 226,3 мың теңге кіріс түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 246 157,7 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен ағымдағы нысаналы трансферттер 679 170,7 мың теңгені құрады.

Жалпы, 2024 жылы белгіленген жоспардан тыс 579 049,3 мың теңге түсті, оның ішінде:

101111 «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» коды бойынша жоспар 301 411,9 мың теңгеге кем түсті, оның ішінде; «Балапан Көлігі» компаниясы ЖШС – нің аванстық төлемі-223 000,0 мың теңге.

101201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 43 092,7 мың теңге, «Балапан Көлігі» ЖШС компаниясы, ҚР ҰЯО РМК мен оның РҚБ, АЭИ, ИГИ, Байкал, филиалдарынан қосымша төлемдер түсті.

2025 жылдың 1 қаңтарына Курчатов қаласы бюджетінің атқарылуы туралы түсіндірме жазба
Дата публикации
23 января 2025