«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының еңбек сіңірген жылдарынан лауазымдық жалақысы 93263 теңгеден 110075 теңгеге дейінгі азаматтық қызметші бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері: қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:
- жоғары кәсіби білім;
- экономика саласындағы кәсіпорындар бағытына сәйкес басшы лауазымындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Талапкерлерге қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Бюджеттік кодексі», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарды, берілген санаттағы нақты лауазымға сәйкес саладағы қатынасты реттеуші басқа да нормативтік-құқықтық актілерін міндетті түрде білу. «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұнын, спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы, лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 70 «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысушы бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбектік күн ішінде қажетті құжаттарды тапсырылуы қажет.
Мекенжайымыз: Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4.
Анықтама телефондары: 8 (72-251) 34958, факс: 8 (72-251) 33944.