«Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Абай облысының Курчатов қаласында мал қорымын (биотермиялық шұңқыр) салуға облыстық бюджеттен 33 484,0 мың. теңге қаражат бөлінді. Мердігерлік ұйым «Семстройпут» ЖШС. Нысан 2024 жылдың 7 қазанында аяқталды.

 1,7 млрд. теңге сомасына дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Мердігерлік ұйым «Golden City DS» ЖШС. Жоба екі жылдық болып табылады.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа «Құрылысшылар аллеясы», «Ақ балкон» және Олимпийская көшесіндегі аллеяға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ертіс өзенінің жағалау бөлігінің іргелес аумағы қосымша абаттандырылып балалар ойын алаңын орнатылды.

«Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
15 января 2025