Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары 57 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдар «Е-Халық» АЖ, «Е-Собес» АЖ, ХҚКО ЫАЖ, «Shanyraq» тұрғын үйге кезек», «E-qazyna.kz», «Мекенжай тіркелімі» АЖ, «Е-лицензиялау» АЖ, МҚК ААЖ (мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі), ЖМБМК АЖ (жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры) ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасайды.
2024 жылы Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 667 мемлекеттік қызмет көрсетілді.