Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2024 жылдың атқарған жұмысы туралы

«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) Курчатов қаласында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Қала аумағында 1 шаруа және 2 фермер қожалығы жұмыс істейді. Курчатов қаласы ауыл шаруашылығының негізгі проблемалық мәселесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болмауы болып табылады.  Осы өзекті мәселеге қарамастан ауыл шаруашылық мал басының саны мен өнімдерінің көлемі ұлғаюда. 2024 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі:

ет 87,1 тонна (былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңімен 7,8 % өсу);

сүт 434,6 тонна (былтырғы жылдың сал-лы кезеңімен 3,5 % өсу);

жұмыртқа 16,3 мың дана (былтырғы жылдың сал-лы кезеңімен 27,2 % азайды) құраса.

Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2024 жылдың атқарған жұмысы туралы
Дата публикации
06 января 2025