КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан 5 адамнан қалыптастырылады.

Мемлекеттік органдардан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Қосышаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. Коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
  3. Кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер
  4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Курчатов қалалық мәслихаты ұсыныстар мен өтініштерді жазбаша түрде қолма-қол мына мекен-жай бойынша: Тәуелсіздік көшесі, 4, «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ, және мына электрондық мекен-жай бойынша: maslihatkur@mail.ru электронды түрде қабылдайды.

КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Дата публикации
31 декабря 2024