2020 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпараты

ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің ең маңызды саяси оқиғаларының бірі. Жаһандық экономикалық дағдарыстың қалыптасқан жағдайында бұл Жолдау  уақтылы және өзекті.

Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы  мемлекетіміздің қарқынды  даму бағытын анықтайтын еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі болып табылады. 2020 жылғы 01 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы елдің дамуына, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге бағытталған 11 бағытты анықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық – түсіндірмелік жұмысының жоспары әзірленіп, бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдарында іс – шараларды жариялау бойынша медиа – жоспар бекітілді, сонымен қатар ағымдағы  жылдың соңына дейін Жолдаудың негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша ұйымдастырылған  іс – шаралардың желілік кестесі құрылды.

2020 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпараты
Дата публикации
16 октября 2020