Курчатов қаласы экономиканың басымдықтардың бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады және бүкіл экономиканы дамыту үшін маңызды.
Бүгінгі таңда Курчатов қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы»іске асырылуда.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»
2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 кәсіпкерге несие бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау түрінде жалпы сомасы 26,7 млн.теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 3,5 есе артық. «Даму» қорынан берілген кепілдіктің жалпы сомасы өткен жылға қарағанда 3 есе өсіммен 6,1 млн. теңгені құрады.