«ШҚО Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі бойынша 2020 жылғы III тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 Тұрғын үй құрылысы.

Қала бойынша тұрғын үй құрылысы механизмі «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жеке құрылыс жүргізушілерден дайын тұрғын жайды сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

110 пәтер сатып алуға, соның ішінде 2 бөлмелі пәтерлер – 84 (бір пәтердің орташа алаңы 44,7 м2), 1 бөлмелі пәтерлер – 26 (бір пәтердің орташа алаңы 30,7 м2) облыстық бюджеттен 405,899 млн. теңгеге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданды. 1 м2 құны – 90 000 теңге. Ағымдағы жылы 64 пәтерлер сатып алуға 237,492 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 34 пәтерлер 14 көп балалы отбасылар үшін қайта жабдықталатын болады. Бюджетті нақтылағанда 168,404 млн. теңге сомасында бюджеттік өтінім жолданатын болады.

Школьная көшесі, 2, 48 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңартуға арналған жобалау сметалық құжаттама әзірленуде.

Қазандықтардың белгіленген қуаттылығының жетіспеушілігінен қалпына келтірген тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау бөлігінде проблема туындап тұр. Жаңа қазандық құрылысын жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс қолдау тапқан жоқ.

«ШҚО Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі бойынша 2020 жылғы III тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
14 октября 2020