Курчатов қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 4 адам тұрады.
Біздің қалада Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдік бойынша теңестірілген 304 адам.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Курчатов қаласында барлық санаттағы 213 мүгедек тұрады ( халықтың жалпы санынан 1,5 пайыз), соның ішінде 39 адам мүгедек балалар: сондай-ақ 1 топтағы мүгедектер – 18 адам ( 7 арбада отырған мүгедек ), 2 топтағы мүгедектер – 78 адам (2 арбада отырған мүгедек ), 3 топтағы – 78 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 39 адам (3 бала арбада отырған мүгедек).
Тыл еңбеккерлері – 41 адам (соның ішінде 3 адам – тыл еңбеккері мәртебесіне ие болған, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері).