Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 23/140-VIII шешімі

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен өз қалауы бойынша міндетінен босату туралы өтініш беруіне байланысты «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ-дан Гульнар Жумабековна Рахметова босатылсын.

№ 157 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен өз қалауы бойынша міндетінен босату туралы өтініш беруіне байланысты «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ –дан Алексей Юрьевич Глазинский босатылсын.

Курчатов қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енгізілсін:

№ 151 «AMANAT» ҚБ -дан Балжан Мукашевна Мукатаева;

№ 151 «Ауыл» партисы» РҚБ -дан Жадыра Жарасовна Рахимжанова;

№ 153 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ –дан Азамат Кушербекович Турсунханов;

№ 160 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ –дан Жадыра Болатовна Алимбекова.

         2. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының және № 157 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшелердің орнына кандидаттар бойынша ұсыныстарды 2024 жылдың 18 желтоқсанына дейін енгізсін.          3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрайымы                                                                                         Г. Хусайнова

 

Решение внеочередной двадцать третьей сессии Курчатовского городского маслихата восьмого созыва от 28 ноября 2024 года № 23/140-VIІІ
Дата публикации
28 ноября 2024