Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 22/134-VIІІ шешімі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

№ 151 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен өз қалауы бойынша міндетінен босату туралы өтініш беруіне байланысты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ-дан Гаухар Талгатовна Ахметова босатылсын;

№ 151 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуі туралы өтініш беруіне байланысты «AMANAT» партиясы» ҚБ-дан Айдос Жақсылықұлы Затаев босатылсын;

№ 153 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен өз қалауы бойынша міндетінен босату туралы өтініш беруіне байланысты «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ -дан Асыл Жанибекович Койбагысов босатылсын;

№ 160 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен өз қалауы бойынша міндетінен босату туралы өтініш беруіне байланысты «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ –дан Айгерим Жаныбековна Токенова босатылсын;

         2. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер Курчатов қаласының № 151, № 153, № 160 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелердің орнына кандидаттар бойынша ұсыныстарды 2024 жылдың 27 қарашасына дейін енгізсін.          3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрайымы                                                                                            Г. Хусайнова

 

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 22/134-VIІІ шешімі
Дата публикации
12 ноября 2024