Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2020 жылғы қаңтар-маусым айында 1618,4 млн.теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 90,8 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 89,9 %-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 294,5 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 98,3%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2020 жылғы қаңтар-маусым айында 531,0 млн. теңгені құрады. Өткен жылға 37,4 %. Құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-маусым айларына 913,6 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе өсім құрады. 2020 жылғы 1 шілдеде шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 78 бірлікті құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 94,0 %, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 55 бірлік (2019 жылдың сәйкес кезеңіне 91,7 %).
Курчатов қаласының Статистика басқармасы