Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша
қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шарт
(жария)
Курчатов қ. 5 маусым 2023 жыл
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 12.06.2008ж. № 51-1917-25-МК МТ куәлігі, директор атынан Жарғы негізінде әрекет ететін М.М. Аринов, бұдан әрі «Жеткізуші» бір жағынан және осы шарт негізінде жылу энергиясын алатын тұрмыстық тұтынушы, бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, екінші жағынан, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі Шарт) жасасты.
есеп айырысу кезеңі – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға төлемге ұсынылатын жылу энергиясына арналған шартпен айқындалатын уақыт кезеңі (күнтізбелік ай);
жылу желісінің теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы – олардың теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес Жеткізуші мен Тұтынушы арасындағы жылу желісінің бөліну нүктесі (сызығы);
жылу энергиясы үшін есеп айырысу – Тұтынушының Жеткізуші берген төлем құжаты негізінде есеп айырысу кезеңі аяқталған соң тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемақысы;
жылумен жабдықтау жүйесі – жылу көздері, жылу желілері және жылуды тұтыну қондырғыларының жиынтығы;
жылу тұтынатын қондырғы – жылу энергиясымен Тұтынушының қажеттіліктері үшін жеткізгішті, жылу энергиясын пайдалануға арналған қондырғы;
жылу желiсi – жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;
тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – жылу тұтынатын қондырғылардың және/немесе желілердің теңгерімдік тиесілілігі бойынша немесе тараптардың келісімімен айқындалатын тараптардың жылу тұтынатын қондырғыларын және/немесе желісін бөлу нүктесі (сызығы), кондаминиум объектісін басқару органының басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі Тұтынушының және энергия беруші ұйымның немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы басқару торабы (Элеватор) кірісіндегі ысырмаларының алғашқы бөлу фланеці бойынша айқындалады;
төлем құжаты – Жеткізуші есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштерінің негізінде жазған, ал ол болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда, есептеу жолымен - оның негізінде Тұтынушы тұтынған жылу энергиясы үшін төлемақы жүргізетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту-шоты);
тұтынушы – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметті пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;
өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкес келуін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
жеткізуші – өндірілген және (немесе) сатып алынған жылу энергиясын Тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.
Қажет болған жағдайда Шарттың алдындағы міндетті талаптар Шартқа жеке қосымшамен ресімделеді.
Бұл ретте, тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiлігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша айқындалады және мемлекеттік стандарттарда немесе энергетика саласындағы өзге де нормативтiк техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, сондай-ақ Жеткізуші жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуі тиiс.
Жеткізуші Тұтынушыны Шартқа сәйкес жылу энергиясымен қамтамасыз етуге міндетті.
1) Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган куәландырған жылу тұтыну қондырғыларының қанағаттанарлықсыз жай-күйі аварияға қауіп төндірген немесе Тұтынушыны міндетті түрде хабардар ете отырып және кейіннен жеткізілмеген жылу энергиясы үшін қайта есептей отырып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда;
2) техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Жеткізушінің және Мемлекеттік энергия бақылауының өкілдері Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескерте отырып, жылу тұтынатын қондырғыларға және (немесе) жылу энергиясын есепке алу аспаптарына жіберілмеген жағдайда;
3) осы Шарттың 8-тармағында көзделген жағдайларда, Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескертіп;
4) жылу тұтыну қондырғылары жүйелерін есепке алу аспаптарын орнату орнына дейін қосқан жағдайда;
5) жылу желісіне жаңа қуаттарды өздігінен қосқан жағдайда;
6) тараптардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі ұсынылған қызметтер үшін ақы төлемеген жағдайда;
7) жылу тұтыну қондырғыларының және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыс істеуінің техникалық дайындығы актісінсіз жылу желілеріне қосылған және Тұтынушыда тиісті дайындалған персонал және жылу тұтыну қондырғыларының қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуіне жауапты адамды тағайындау немесе осындай қызмет түрімен айналысуға рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шарт болмаған жағдайда;
8) тараптардың келісімдерімен өзгеше көзделмесе, Шартта көзделген конденсат көлемін 30 %-дан кем қайтарған жағдайда;
Жеткізушінің жылу энергиясын жеткізуді тоқтатуы не шектеуі Тұтынушыны ескертуімен мынадай жағдайларда жүргізіледі:
осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жедел түрде;
осы тармақтың 6), 9) тармақшаларында көзделген - үздіксіз жылумен жабдықтау объектілерін қоспағанда, кемінде үш тәулік бұрын
Бұл ретте, Тұтынушыны жазбаша түрде Тұтынушының өзіне, қолын қойдырып беріледі не Тұтынушыға тапсырыс хатымен жіберіледі, ал осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда Тұтынушы телефонограммамен хабарландырылуы мүмкін.
Көппәтерлі үйлерде тұратын Тұтынушыларға 1), 3), 4), 7) тармақшаларда көзделген жағдайларда жылу энергиясын берудің тоқтатылатыны немесе шектелетіні туралы кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті тұлғасының мекенжайына хат, телефонограмма жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды энергия беруші (энергиямен жабдықтаушы) ұйымның өкілдері тұтынушы өкілдерінің не оның өкілінің қатысуымен, ал көрсеткіштерді қашықтан алатын есепке алу аспаптарын орнатқан жағдайда Тұтынушының қатысуынсыз жүргізеді.
Тұтынушының кінәсінен екі есептік кезең ішінде есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және бұл ретте Тұтынушының өзі энергия беруші ұйымға өзі жұмсаған жылу энергиясының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаса, энергиямен жабдықтаушы ұйым нақты тұтыну бойынша кейіннен қайта есептеуді жүргізе отырып, Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі тұтынушының жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша көрсетілген кезеңдер үшін есеп айырысуды жүргізуге құқылы. Тұтынушының кінәсінен есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алудың мүмкін еместігі Жеткізушінің журналына тиісті жазбамен расталады.
Тұтынушы есепке алу аспаптарын кезеңмен тексеру, жөндеу және техникалық қамтамасыз етуші мамандандырылған ұйымды өзі таңдауға құқылы.
Тараптар талап ететін тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізуді талап ете алады.
Жылу шығынын есептеуді немесе жылу шығынын сынауды энергия беруші ұйым тұтынушымен бірлесіп жүргізеді
Жылу энергиясын есепке алу аспаптарының сақталуына жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және теңгерімділік тиесілігінің шекарасы бойынша анықталады.
Кондоминиумды басқару органы жылу тұтыну қондырғыларына қызмет көрсетуді дербес немесе мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша жүргізе алады.
Егер есепке алу аспабын көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, есептеу тәртібі және есептеуді қалпына келтіру мерзімдері тараптардың жеке келісімімен белгіленуі тиіс.
Есепке алу аспаптарын үшінші тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда сақтауға жауапты адам, Шартта өзгеше көзделмесе, бір ай мерзімінде есепке алу аспабын қалпына келтіруге міндетті. Есепке алу аспаптарын қалпына келтіру сәтіне дейін Тұтынушы өзін жылу желісіне қосуды талап етуге құқылы.
1) уәкілетті орган ведомствосының бекітілген тарифтері (бағалары, алымдар ставкалары) бойынша жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сатып алуға;
2) осы Шартта белгіленген көлемде және мерзімде белгіленген сападағы көрсетілетін қызметтерді алуға;
3) тараптардың келісімімен кәсіпкерлік мақсат және тұрмыстық тұтынуға қажетті мөлшерде жылу энергиясын алуға;
4) Шартта белгіленген кәсіпкерлік мақсат үшін тұтынылатын жылу энергиясы санын өзгертуге;
5) Жеткізушіден Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпарат алуға;
6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өндіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде жылу энергиясын үздіксіз алуға;
7) Жеткізушіден жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеуді қайта есептеуді және жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуді талап етуге;
8) Жеткізушіден нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қайта есеп айырысуды талап етуге;
9) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін уәкілетті және (немесе) сот органдарына жүгінуге;
10) қоғамдық тыңдауларға қатысуға;
11) Жеткізушіні хабардар еткен және Жеткізуші ұсынған қызмет көлеміне толық ақы төлеген жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға;
13) Жеткізушінің нақты ұсынған қызметтеріне ақы төлеген жағдайда күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Жеткізушіге жазбаша хабарлап біржақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте, жылыту жүйесі көппәтерлі үйдің жалпы жылыту жүйесінің бөлігі болып табылатын жеке үй-жай иесінің жылу энергиясымен жабдықтауға жасалған Шарттан біржақты бас тартуына жол берілмейді.
1) Шарттың талаптарына сәйкес Жеткізушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша ұсынған қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) есепке алу аспаптарының істен шығуы немесе жұмыс режимі мен жағдайларының бұзылуы туралы Жеткізушіні жазбаша түрде дереу хабардар етуге міндетті, олай болмаған жағдайда есепке алу аспаптары тиісті құжаттармен расталған, олардың соңғы тексерілген күнінен бастап істен шыққан болып есептеледі;
3) пайдаланатын желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін тиісті дәрежеде қамтамасыз етуге, энергия тұтынудың белгіленген режимін сақтауға, сондай-ақ Жеткізушіге апаттар, өрттер және энергияны пайдалану кезінде туындайтын өзге де бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға;
4) жоспарлы жөндеулер, апатты-қалпына келтіру жұмыстары жағдайларынан басқа, жылу тұтыну қондырғыларын пайдалануға қосқанға дейін және әрбір жылыту маусымының алдында Жеткізуші берген техникалық дайындық актісін ресімдеу үшін іс-шаралар кешенін жүргізуге;
5) желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын есепке алу аспаптарына және жылу тұтынатын қондырғыларға Жеткізуші және Мемлекеттік энергия бақылау өкілін кедергісіз жіберуді қамтамасыз етуге;
6) Шартты бұзған кезде (жылжымайтын мүлікті сату және т.б.) есептеулерді салыстырып тексеру және өнім беруші жылу энергиясымен жабдықтау бойынша Жеткізуші нақты көрсеткен қызметтер үшін қарызды өтеуге міндетті.
1) жылу энергиясын пайдалану Қағидаларына сәйкес Тұтынушылардың сақтауы үшін міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;
2) жылу энергиясын пайдалану Қағидаларында белгіленген тәртіппен есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және салыстырып тексеруді ұйымдастыруға;
3) осы Шарттың 7-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларда осы Шарттың 7-тармағында көзделген тәртіппен шарттың орындалуын біржақты тәртіппен тоқтата тұруға;
4) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы алуға;
5) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданылуы кезіңінде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендетуге;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де іс әрекеттерді жасауға құқығы бар.
1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің барлық Тұтынушылары үшін тең жағдайларды ұсынуға;
2) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға Тұтынушымен Шарт жасасуға;
3) жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтер үшін Тұтынушылардан төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге;
4) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартты жасасу кезінде Тұтынушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге;
5) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында осы Шартта көрсетілген жылу энергиясының параметрлерін ұстауға;
6) Тұтынушыға өз құзыреттерінің шегінде мемлекеттік органдар белгілеген сапаға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ Шарттың талаптарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға;
7) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнына қайта есептеу жүргізуге және жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуге, уәкілетті орган бекіткен нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу әдістемесіне сәйкес нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;
8) Тұтынушыға жеткізілетін жылу энергиясын есепке алуды және оның сапасына бақылауды жүргізуге, жылу энергиясы сапасының бұзылуының алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
9) Тұтынушы жылу энергиясы сапасының төмендеуі туралы жазбаша өтініш берген не ауызша өтініш жасаған күнінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есеп айырысу жүргізуге;
10) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа жылу энергиясымен жабдықтауда үзілістерге жол бермеуге;
11) есепке алу аспабының істен шығуы Тұтынушының кінәсінен болмаған жағдайда, жылу энергиясының есебін өткен жылдың осындай кезеңі үшін Тұтынушының орта тәуліктік шығысы бойынша жүргізуге;
12) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектік деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Тұтынушының назарына жеткізуге;
13) Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісті түрде өзгерген жағдайда Тұтынушы үшін жылу энергиясына тарифтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төмендетуге;
14) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өнідіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде Тұтынушыға жылу энергиясын үздіксіз беруге;
15) жылу энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін Тұтынушы өкілдерінің қатысуымен алуға немесе энергия беруші ұйым өкілдерінің көрсеткіштерді тұтынушы өкілдерінің қатысуымен алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тұтынушы өзі өтініш берген жағдайда өтінімнің көшірмесі болуы тиіс, көшірмеде оның түсуін тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтінімді беру күні мен уақыты, Жеткізушінің қабылдап алған өкілінің қолы қойылады. Жылумен жабдықтау тоқтаған жағдайда өтінім дереу, параметрлері нашарлаған жағдайда – ауытқу басталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.
Жеткізуші өтінімде (телефонограммада) көрсетілген тауар сапасының ауытқуы, Тұтынушыларға оны берудегі үзілістер туралы журналдағы белгілерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған жағдайда параметрлердің есептіден орта тәуліктік ауытқуына сүйене отырып, тауар құнын қайта есептеуді оны нақты тұтынуына сәйкес жүргізеді.
тауарды беруден бас тартудың (ажыратудың) немесе оны сапасыз берудің басталған уақыты;
тауар сапасы нашарлауының сипаты;
өтінім берудің уақыты және оны тіркеу нөмірі (Жеткізушінің журналы бойынша);
жылу энергиясын беруді қалпына келтіру уақыты (оның сапасының қалыпқа келуі);
тауардың болмаған (сапасының нашарлаған) кезеңі.
Өтінішке Тұтынушы, Тұтынушының жылу шаруашылығына жауапты адам, екі тәуелсіз куә қол қояды да, Жеткізушіге жібереді. Егер дау реттелмесе, Тұтынушы Мемлекеттік энергетикалық қадағалауға немесе сотқа талап арыз беруге құқылы.
Ыстық су бойынша қайта есеп айырысу бір жылдан аспайтын кезеңге жүргізіледі, ал жылыту желілері үшін жылыту кезеңінің басынан осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген оқиға анықталған сәтке дейін жүргізіледі.
Акт энергия беруші ұйымы өкілінің және тұтынушының немесе оның өкілінің қолдары болғанда жарамды болады. Акт тұтынушы не оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оны энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның комиссиясы және (немесе) құрамы үш адамнан тұратын кондоминиумды басқару органы ресімдеген жағдайда жарамды болып табылады.
Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Шарт жасасу кезінде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер тараптардың келісімінде өзгеше ескерілмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.
Тараптар туындаған дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
|
Жеткізуші: Курчатов қ. әкімдігінің «ККСЭК» МКК ЖСК KZ176017261000000108 БСН 040540002546 БСК HSBKKZKX «Қазақстан халық банкі» АҚ Курчатов қ., Курчатов көш. 1 Директор
______________ М.М. Аринов
Осы Шарт Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шарттың талаптарына сәйкес жасалды
|
|