Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде ақпарат.
2023 жылдың басынан бастап, Курчатов қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес 2 отырыс өткізді. Комиссия отырыстарында келесі сұрақтар қарастырылды:
- Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдары;
- Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар арасында рецидивтік қылмыс деңгейін қысқарту үшін шаралар қабылдау;
- Курчатов қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 02 қарашадағы № 169 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысын орындау бойынша жұмыс берушілердің ұсыныстары;
- Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың өтініштерін түсуіне қарай қарау;
- Мектептің кәмелетке толмаған оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы. Жазғы кезеңде сотталған азаматтардың балаларының сауықтыру лагерлерінде демалуын ұйымдастыру;
- Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға нашақорлық пен алкоголизмді емдеу үшін білікті медициналық және психологиялық көмек көрсету, проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы;
- Учаскелік полиция инспекторларының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысы туралы, олармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы.
Комиссия мүшелері ақпараттарын ұсынып, комиссия төрағасымен жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша нұсқаулықтар берілді.
Жалпы Курчатов қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде 13 адам бар. Оларға келесі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі:
-қалалық ауруханадан ақысыз медициналық тексерістер;
- өз еріктерімен емделуге жолданады (2023 жылда 1 адам емді қабылдап жатыр);
- материалдық көмек көрсетіледі (материалдық көмек алу үшін 2023 жылдың басынан бері 4 адам (Тихонов Е., Иванов П., Машгутов Н., Ращенко А.) жүгінді. Өтініш білдіргендердің әрқайсысына 30 000 теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді);
- жұмысқа орналастыру: 2023 жылдың басынан бастап «Курчатов қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Курчатов қаласының пробация қызметінде есепте тұрған 4 адам (Сургутанов Н.Е. – 2 рет жүгінді, Сопченко М.Г., Даулетов Т.Т.). өтініш білдірді. Сургутанов Н.Е. - Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорны» ШЖҚ МКК-на қазандық машинисті (квота бойынша) жұмысқа орналастырылды.
Сопченко М.Г. – «Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК-на көгаландыру бойынша жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандар есебінен 2 адам жүгінді (Иванов П.С., Ращенко А.А.). П.С. Ивановқа Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорны» ШЖҚ МКК-на қазандық машинисті ретінде жұмыс ұсынылды, аталған ұсыныстан денсаулығына байланысты бас тартты (бас тартқаны туралы өтініш бар). Ращенко А.А. 2023 жылдың маусым айынан бастап «Бейсенбеков Р.Ж.» ЖК- от жағушы-күйдіруші ретінде жұмысқа орналасты.
- «Пробация үйі» щеңберінде Курчатов қаласының прокуратурасымен бірлесіп, қала әкімінің орынбасары Н. Кошкарбаев халықты жұмыспен қамту орталығының мәжіліс залында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жеке сұрақтары бойынша кездесу өткізді. Кездесуде әкім орынбасары аталған санаттағы азаматтарға бүгінгі күнде қандай әлеуметтік-құқықтық көмек алу мүмкіндіктері бойынша ақпарат берді.
«Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А. Глазинский