«Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 1-тоқсанында жұмыстары туралы ақпарты

«Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 1-тоқсанында жұмыстары туралы ақпарты

 «Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) Курчатов қаласында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Қазіргі кезде қала аумағында 1- шаруа қожалығы және 4 - фермерлік шаруашылық қызмет жасайды. Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы бойынша өзекті мәселе, бұл ауыл шаруашылығына арналған жердің жоқтығында байланысты болып отыр. Осы өзекті мәселеге қарамастан ауыл шаруашылық мал басының саны мен өнімдерінің көлемі ұлғаюда.

2024 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі:

ет 36,7 тонна (былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңімен 0,8 % өсу);

сүт 91,6 тонна (былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңімен тең);

жұмыртқа 6,3 мың дана (былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңімен 25 % төмендеу) құраса.

Ауыл шаруашылық мал басының саны:

ІҚМ – 806 бас;

қой мен ешкі – 1041 бас;

шошқа – 9 бас;

жылқы – 347 бас;

құс -1000 басты құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 72,5 млн. теңге және НКИ – 100,5 %.

Ауыл шаруашылық малдарын бағу қағидасын сақтау мақсатында, ауыл шаруашылық мал басы иелерімен бұзушылықтар жібермеу үшін Бөлім ветеринариялық қызметпен, қалалық полиция бөлімімен бірлесіп ескерту мен алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары Молдары кенті мен Дегелен станциясының мал иелеріне жүргізілді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап қала аумағында заңсыз мал жаюдың 10 жағдайы анықталды, олардың иелері Қазақстан Республикасының ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 80 498 теңгені құрады.

Жер қатынастары

2024 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін электрондық аукцион нәтижесі негізінде 2 жер учаскесі 5 жылға жалға (көлікжай орналастыру үшін - 6 593 теңге), 2 жер учаскесі жеке меншікке (көлікжай құрылысы үшін - 186 008 теңге) табыс етілді.

         Молдары мен Дегеленде жеке тұрғын үйлер мен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (ЖТҮҚ, ЖШУ) табыс етілген жер участкелеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы жұмыс картасына түсірілді. Түгендеу нәтижесі бойынша:

  • Степная көшесінде - 36, Көктем көшесінде - 41 жер учаскесі түгенделіп, жұмыс картасына түсірілді. Барлығы 77 жер учаскесі оның 56- жеке меншік, 21-жалға алынған.
  • Дегеленде 2006-2009 жылдары жеке меншікке табыс етілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін (ИЖС) бөлінген 45 жер учаскесінің 30 жеке меншікке рәсімделген, жұмыс картасына түсірілді, 15 жер учаскесінің құжаттары рәсімделмеген (комиссия шешімі ғана бар). Железнодорожная көшесі бойымен 52 жер учаскесі түгенделді, оның 35- жеке меншік, 17- жалға алынған.

         Жер инспекциясына нысаналы мақсаты бойынша қолданылмай жатқан 4 жер учаскесі («Велес-Арк» ЖШС, «PetroRetail PFS» ЖШС, Слам Гүлнар, Ковалева Наталья Валентиновна) жолданды.

         «Көлік сервис орталығы» АҚ-на мерзімін ұзартып, бөліп төлеу негізінде табыс етілген (бөліп төлеу жоспары) жер учаскесі бойынша 2022 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін бюджетке түсетін төлемдерінің тоқтауына байланысты хабарлама жолданды. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл) – 2 177 498 теңге, өтелмеген сатып алу суммасы – 5 241 428 теңге, жалпы төлем – 7 418 926 теңге.

         8 жер учаскесінің жалға алу құқығының аяқталуына байланысты құқығы жабылды.

         Шетелдік азаматтардың атына рәсімделген жер учаскелері туралы мәліметті анықтау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Абай облысы бойынша филиалының Курчатов қаласы бөліміне шетелдік азаматтардың тізімі жолданды.

Өнеркәсіп

Курчатов қаласында 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 162,6 млн. теңгеге азайып, 1 130,6 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 85,6 %, нақты көлем индексі 95,3%.

Қаланың өнеркәсібін тау-кен және өңдеу өнеркәсібімен құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі қаланың тау-кен өндіру өнеркәсібінде байқалады, бұл фторлы шпат концентратын өндіретін кәсіпорын «Үлбі металлургиялық комбинаты» АҚ (бұдан әрі – ТБК).

Көрсетілген кезеңде ТБК шығарған өнім көлемі 371,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,0 млн. теңгеге азайып, өсу қарқыны 89,8%, НКИ – 71,8% құрады.

ТБК-ның сыртқы нарығында тапсырыстардың болмауы тұтастай алғанда Курчатов қаласының тау-кен өндіру саласы мен өнеркәсібі өндірісінің көлеміне әсер етті.

ТБК жоспарланған өндіріс көлеміне 2024 жылдың екінші жартысында жетуді жоспарлап отыр.

Өңдеу өнеркәсібі

2024 жылдың 1 тоқсанында өңдеу өнеркәсібінің өнімінің көлемі 2023 жылдың 1 тоқсанында 85,4 млн. теңгеге өсіп, 206,6 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 170,5%, нақты көлем индексі 191,5% құрады.

Салалар бөлінісінде өңдеу өнеркәсібін ұлғайтуға құрамында алтыны бар кенді өңдеумен және байытумен айналысатын «Altyn Group Qazaqstan (Алтын Групп Қазақстан)» ЖШС есебінен, сондай-ақ «Betaizol» ЖШС есебінен өзге де электр сымдары мен кәбілдерін өндіру арқасында қол жеткізілді.

Негізгі капиталға инвестициялар

2024 жылдың 1 тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 338,0 млн. теңгеге азайып, 211,7 млн. ​​теңгені құрады, өсу қарқыны – 38,5%, НКИ – 39,6%.

Бұл көрсеткіштің төмендеуі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК базасында «Авариялық-техникалық орталықтың құрылысы» жобасын іске асыруды неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру себебінен орын алды.

2024 жылға арналған қосымша резервті іздеу шеңберінде «Altyn Group Qazaqstan» ЖШС базасында «Модульдік фабриканы пайдалану кезінде пайда болатын байыту қалдықтарын құрғақ сақтауға арналған қалдық қоймасын жобалау және салу» инвестициялық жобасы қаралуда.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Курчатов қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 544 бірлікті құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 8 бірлікке өсу байқалады. Өсу қарқыны 101%.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі

Бөлшек сауда айналымының көлемі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 1 891,8 млн. теңгені құрады, 2023 жылға қарай 83,7 млн. теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны - 104,6%, нақты көлем индексі - 98,7%.

         Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

         Бүгінгі күні мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған бағдарламаны іске асыруда, бұл Бірыңғай кешенді бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама).

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 24,7 млн. теңгеге 2 жоба субсидияланды. Берілген кепілдіктің жалпы сомасы 5,8 млн. теңгені құрады.

         2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру бойынша ісін жаңа бастаған, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік әлеуеті бар тұлғалардың 25-не кеңес беру өткізді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу

         Бүгінгі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда. Жыл басынан бері ӘМАТ жүзеге асыратын қаланың 344 сауда нысанына барумен 28 рейд өткізілді.

         Мониторинг жүргізу барысында ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесінің артуы анықталған жоқ.

         Қаланың барлық азық-түлік дүкендерінің иелері ӘМАТ-тың барлық 19 атауына 15% мөлшеріндегі сауда үстемесінің белгіленген деңгейі туралы хабардар болды. Қалада көтерме саудада сатушылар жоқ.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстау мақсатында, Бөліммен, қала аумағына жақын жатқан қала мен аудандардың қатысуымен  ауыл шаруашылығы жәрмеңкелер ұйымдастырылып отырылады.                             

         Ағымдағы кезеңде жалпы сомасы 9,8 млн. теңгеге 12 жәрмеңке ұйымдастырылды.

         Қалада бағаны тұрақтандыру үшін «Семей» ӘКК-нен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері төмендетілген бағамен алынды.

         Бүгінгі таңда қаланың 10 дүкенінде 1920 кг картоп, 520 кг сәбіз, 684 кг қырыққабат, 920 кг пияз, 550 кг күріш, 200 кг қарақұмық, 600 кг қант, 327 литр май сатып алынды.

         2024 жылдан бастап қаланың бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде барлығы 4 жарияланым және «Курчатов көкжиегі» газетінде ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тақырыбында 2 жарияланым жарияланды.

         Бағаның негізсіз өсу фактілерін анықтау мақсатында қала әкімдігінде қала азаматтары үшін «сенім телефоны» орнатылды.

         Курчатов қаласында инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі жұмыс жалғасуда.

 

 

«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл

шаруашылығы, жер қатынастары

және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы                                                                                               А. Койбагысов

 

Келісіді:

Курчатов қаласының

әкім орынбасары                                                                                                                                        Д. Улмесеков

Дата публикации
22 мая 2024