«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс жыл басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Конкурсты өткізу мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тану;
2) бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқор болуын көрсету және кеңінен насихаттау.
4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
- Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі - үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
- Жалпыға бірдей интерактивті дауыс беру негізінде конкурстың жеңімпаз отбасы айқындалады.
- Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
- Конкурсқа отбасылар қатыса алмайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелер;
2) бұрын сотталған мүшелер.
- Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
- Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің жәрдемдесуімен Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Конкурсты ұйымдастырушылар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.
- Конкурс өткізу туралы хабарландыру республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
- Байқау үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – өңірлік, үшінші кезең – ұлттық.
- Жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау жөніндегі өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялар құрады, сондай-ақ комиссия туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.
- Конкурсқа қатысу үшін өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы жария жарияланған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі-бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері ;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың)жұмыс (оқу) орнынан анықтама және мінездеме;
7) ұсыныс (әріптестер, көршілер, достар);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалардың негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
- Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кеш ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
- Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
- Ұйымдастырушылар мыналарды қамтамасыз етеді:
1) барлық үміткерлер үшін тең жағдайлар;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді ресми жарияланған күннен бұрын жарияламау.
- Аудандық (қалалық) комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексергеннен кейін екі қатысушының (отбасының) аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға 29 маусымға дейін жібереді.
- Өңірлік комиссиялар бір үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және осы Қағидалардың 10 – тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерімен келісілген өз шешімдерін жыл сайын 15 маусымға дейін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі-комиссия) жібереді.
- Өңірлік және аудандық комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балалардың жетістіктері;
5) ата-аналардың рөлдік модель ретіндегі жетістіктері;
6) өз тамырларын білу (шежіре-рудың тарихы);
7)отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің - аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдерінің саны);
8) отбасының таланттары;
9) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт және т. б.);
10) отбасының қоғамдағы беделі.
- Комиссия өңірлік комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде бағдарламалар циклын дайындау үшін іріктеу туралы, сондай-ақ лауреат атағын беру жөніндегі үміткер-отбасылар туралы материалдарды Ұлттық телеарнаға жібереді.
- Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және Интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді қатысады.
Интерактивті дауыс беру 10 тамызда басталып, 5 қыркүйекте аяқталады.
- Комиссия интерактивті дауыс беру қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазын айқындайды.
- Көрермендердің басым көпшілігі дауыс берген отбасына "Мерейлі отбасы" лауреаты атағы, диплом және ерекшелік белгісі (мүсінше) беріледі.
- Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты жағдайда өткізіледі.
- Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың Интернет-ресурстарында орналастырылады.
- Конкурс лауреаты атағын қайталап беруге жол берілмейді.
- Ұйымдастыру комитетінің міндеттері
- Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі-Ұйымдастыру комитеті) ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелерді, іс-қимылдарды немесе конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстарын, қоғамдық бастамаларды қарайды.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:
1) конкурс өткізудің басталғаны туралы жария хабарландыру;
2) конкурстың іріктеу турын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды үйлестіру;
3) конкурстың имидждік жарнамалық компаниясын бекіту;
4) конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді үйлестіру;
5) БАҚ-пен жұмыс;
6) конкурс бағдарламасына өзгерістер енгізу;
7) өңірлерде конкурстың іріктеу турларын өткізу қорытындылары туралы Жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;
8) конкурстың финалдық турына қатысуға өтінімдерді жинау, өтінімдерді ресімдеу мен берудің конкурс талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;
9) алдын ала қарау үшін өтінімдерді өңдеу;
10) конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастыру және оның қызметін үйлестіру;
11) конкурстың финалдық турын, конкурс номинанттарын салтанатты марапаттау рәсімін бақылау, ұйымдастыру және өткізу.