Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/84-VIII «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін
белгілеу және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/84- VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
10 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Мереке және атаулы күндерге алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерін Абай облысының ЖАО-мен келісім бойынша жергілікті өкілді органдар бірыңғай мөлшерде белгілейді.
Әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы негізінде кірістерді есепке алмай, уәкілетті органның тізімі бойынша ай сайын көрсетіледі:
Амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек және диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ) ауруы бар балалардың ата – аналарына немесе заңды өкілдеріне немесе АИТВ ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек-ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Курчатов қалалық
мәслихатының төрайымы Г. Хусайнова