Сумен қамту және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған
Жария шарт
Курчатов қаласы 2024 жылғы « 01 » қантар
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін (әрі қарай –Қызметтер) көрсететін Өнім беруші деп аталатын «Курчатов Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жарғы негізінде әрекет ететін директордың Аринов Мурат Мадениетұлы атынан бір тараптан және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, _________________тұлғасында негізінде әрекет ететін екінші тараптан, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады:
1 тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
- суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
- есепке алу аспаптарын тексеру - есепке алу аспаптарының жай-күйін тексеру, оның техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау, көрсеткіштерін алу, сондай-ақ су өлшеу торабындағы пломбалардың бар-жоғын және тұтастығын анықтау үшін Өнім берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;
- есеп айырысу кезеңі – Шартта Өнім берушінің көрсетілетін қызметтеріне есеп айырысу жүргізілетін күнтізбелік бір айға тең айдың бірінші күні сағат 00-00 ден бастап соңғы күні сағат 24-00-ге дейінгі бір күнтізбелік айға тең, уақыт ішінде Шартта анықталған мерзім;
- пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) белгісі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелері элементтерінің бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
- су тұтыну нормасы - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабының 1 – тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органмен бекітілген нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылық жануарларының тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың есептік мөлшері;
- суды есепке алу торабына жібермеу – өнім беруші өкілінің сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық қарауындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу торабына рұқсат беруден тұтынушының бас тартуы (кедергі келтіру);
- теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - меншіктік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілер арасындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орыны;
- төлем құжаты – Соның негізінде төлем жүргізілетін Өнім беруші көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту – шоты);
- тұтынушы –сумен жабдықтау және су бұрудың реттелетін қызметтерін пайдаланушы немесе пайдалануға ниетті заңды немесе жеке тұлға;
- уәкілетті органның ведомствосы –тиісті табиғи монополия саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Осы Шартта пайдаланылатын басқа түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 09 шілдедегі Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2 тарау. Шарт мәні
Ауыз суды тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын жеке тұлға оны пайдалануға және түзілетін сарқынды суларды оған қажетті мөлшерде тастауға құқылы.
3 тарау. Қызмет көрсету талаптары
1) апаттық немесе азаматтар қауіпсіздігі мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларда;
2) Өнім берушінің желілеріне өз бетімен қосылғанда;
3) келесі есеп беру мерзімінен кейінгі, екі ай ішінде қызметтер үшін төлемдер болмағанда;
4) сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу аспаптарына жеткізуші өкілдерін бірнеше рет жібермеу;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына байланысты құбырларға дезинфекция жүргізу қажет болған жағдайда.
6) Нормативтік құқықтық актілерде және тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметтер көрсетуді тоқтата тұру дереу жүргізіледі. Осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тұтынушыға қызмет көрсетуді тоқтата тұрғанға дейін кемінде бір ай бұрын ескертіледі.
Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін тұтынушыға қызмет көрсетуді тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет ажыратылған кезде қосу борышты өтегеннен және қосылу үшін төлем енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
4 тарау. Қызмет құны мен төлеу тәртібі
5 тарау. Қызметтерді тұтыну мен босатуды есептеу
Осы Шартпен қамтылмаған сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көрсетілген көлемін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 болып тіркелген) сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемін есептеу қағидасына сәйкес айқындалады.
1) ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде, суық су тұтынушыға орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен келіп түскен кезде және ғимаратта екі құбырға бөлінеді: біреуі – одан әрі үйішілік суық сумен жабдықтау тарату желісіне, екіншісі – жергілікті су жылытқыш арқылы ыстық сумен жабдықтаудың үйішілік тарату желісіне жіберілген суық судың санына. Бұл ретте үйге ортақ есептеу аспаптары суық сумен жабдықтауды енгізуде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында орнатылады;
2) ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесінен келіп түскен кезде-жіберілген суық су мен ыстық су мөлшері. Үйге ортақ есептеу аспаптары ыстық және суық сумен жабдықтау кірмелерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында орнатылады.
Есепке алынбаған судың көлемі технологиялық есептерге сәйкес анықталады.
Өнім беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген) сәйкес есепке алу аспаптарын пайдалануға жіберуді жүзеге асырады.
6 тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1) Шарттың талаптарына сәйкес көлемде оның денсаулығына қауіпсіз, оның мүлкіне зиян келтірмейтін белгіленген сападағы қызметтерді алуға;
2) ағынды суларды рұқсат етілген жүктеме шегінде қажетті көлемде лақтыруға;
3) Өнім берушіден қызметтерді есепке алу құралдарын орнатуды талап етуге;
4) Өнім берушінің заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;
5) көпшілік тыңдауларға қатысуға;
6) Өнім берушіден қызметтерді тиісінше ұсынбау салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді белгіленген тәртіппен талап етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызмет ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;
8) егер Өнім беруші белгіленген тәртіппен шот қоймаған болса, алынған қызмет үшін төлем жасамауға;
9) тұтынушымен қызмет көрсетуге шарт жасасу;
10) ұсынылған қызметке толық ақы төленген жағдайда бір айдан кешіктірмей бұл Туралы Өнім берушіні жазбаша хабардар еткен кезде Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
1) нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігі шекарасында орналасқан сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жабдықтарының пайдаланылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) есепке алу құралдарының болуы және ұсынылған қызметтерге өнім беруші ұсынған төлем құжаттарының негізінде олардың көрсеткіштеріне сәйкес уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
3) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің желілері мен құрылыстарының, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздегі тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігі шекараларында орналасқан, орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйесінің жұмысына теріс әсер етуі және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін Қызметтерді пайдалану кезінде туындаған есептеу аспаптарының жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің желілері немесе құрылыстары бүлінген немесе ластаушы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға, санитарлық – эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғауға дереу хабарлау қажет;
4) есепке алу аспаптарының, есепке алу аспаптарындағы пломбалар мен тексеру белгілерінің, есепке алу тораптарындағы пломбалардың, айналма желінің ысырмаларындағы, оның пайдалану жауапкершілігі шекарасындағы өрт гидранттарындағы пломбалардың сақталуын, тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге, көрсетілген үй-жайларды таза ұстауға, сондай-ақ есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін механикалық, химиялық, электромагниттік немесе өзге де әсерлердің тораптары мен есептеу аспаптарына кіруіне кедергі келтіретін заттарды сақтауға жол бермеуге;
5) Өнім берушіні және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жергілікті органдарын өрт сөндіру гидранттарын олар бұзылған немесе оның су құбыры желілерінде авария туындаған жағдайларда пайдалану мүмкін еместігі туралы дереу хабардар етуге;;
6) есепке алу аспаптарының барлық зақымданулары немесе ақаулықтары туралы, пломбалардың бүтіндігінің бұзылғандығы туралы Өнім берушіге дереу хабарлауға;
7) ағынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған кезде тұтынушының желілерін ажырату үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін есептеу аспаптарына жеткізуші өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11932 болып тіркелген) көзделген жағдайларда сарқынды суларды жергілікті тазартуды қамтамасыз етуге;
9) қызметті тұтыну кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтау;
10) орталықтандырылған су бұру жүйесінің жұмысына теріс әсерді болдырмау мақсатында белгіленген зиянды заттардың рұқсат етілген шоғырлануынан асатын ластануы бар сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
11) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз өзге де тұтынушыларды сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың меншікті желілеріне қоспауға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
1) ұсынылған қызметтер үшін төлемді уақтылы және толық көлемде алуға;
2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданылу кезеңінде барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтер үшін тарифтерді төмендету;
3) жеке шарт (келісім) бойынша пайдалану жауапкершілігі шегінде тұтынушының сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілері мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және пайдалануды жүргізуге;
4) қызметтерді тұтыну мен төлеуді бақылауды жүзеге асыру;
5) тиісті лицензиясы болған жағдайда қызмет көрсетуді есепке алу аспаптарының жұмыс қабілеттілігін тексеруді және салыстырып тексеруді жүргізуге құқылы.
1) нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігі шекарасында орналасқан елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісінше пайдалануды қамтамасыз етуге;
2) санитарлық ережелерге (гигиеналық нормативтерге) сәйкес ауыз суды дайындауды және оны тұтынушыға беруді қамтамасыз етуге;
3) Басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет алуда тұтынушыны шектемей, жасалған шартқа сәйкес тұтынушыға қызметтерді уақтылы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз ету;
4) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, қызметтерді сатып алуға және орнатуға шарт жасалған және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген ақы енгізілген жағдайда, Қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алуға және тұтынушыларға орнатуға;
5) қызмет көрсетуге байланысты кез келген функцияларды басқа тұлғаларға беруге жол бермеуге;
6) көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын есепке алу және бақылау жүргізу, қызметтерді ұсынудың бұзылуының алдын алу және жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
7) тұтынушымен қызмет көрсетуге шарт жасасу;
8) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін ұсынуға;
9) есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде тұтынушыға ұсынылатын қызметтерге ақы төлеуге төлем құжатын ұсынуға;
10) тұтынушыларды Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде Тарифтердің немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы хабардар етуге;
11) 24 сағат ішінде Тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау;
12) сумен жабдықтау және су бұру желілерін, есепке алу аспаптарын тексеру кезінде, сондай-ақ тұтынушының есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде қызметтік куәлігін көрсетуге;
13) профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде тұтынушыға ауыз суды көлік құралдарымен беруге;
14) тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды және (немесе) жеткізушінің техникалық шарттары орындалған жағдайда тұтынушының объектілерін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беруге;
15) үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуінен тұтынушының дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде осы Шартты орындауға байланысты мәселелер бойынша абоненттің шағымдары мен өтініштеріне жауап беруге;
17) тұтынушының қатысуымен орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға (қосуға) арналған есептеу аспаптарын, есептеу тораптарын, құрылғылар мен құрылыстарды пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асыруға;
18) тұтынушының есепке алу аспаптарын пломбалау;
19) тұтынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы ескертуге;
20) өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі авариялар мен зақымдануларды нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уақтылы жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға;
21) Қызмет көрсету жүзеге асырылатын сумен жабдықтау және су бұру желілеріне жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізудің кестесі мен мерзімдері туралы тұтынушыларды хабардар етуге;
22) орталықтандырылған су бұру жүйесінің жұмысына теріс әсерді болдырмау мақсатында тұтынушылардың өндірістік ағынды суларынан сынама алуды жүзеге асыруға және зерттеу жүргізуге құқығы бар.
7 тарау. Тараптардың шектеулері
1) есепке алу тораптарын қайта жабдықтауға, сондай-ақ Өнім берушімен келісімсіз есепке алу аспаптарын орнатуды және (немесе) алуды жүргізуге;
2) Өнім беруші келіскен және қабылдаған қолда бар суды есепке алу схемаларын бұзуға құқылы.
1) Басқа тұтынушылардың талаптарын орындамау себептері бойынша қызмет көрсетуден бас тартуға немесе тұтынушыны қызмет алудан шектеуге;
2) ұсынылған қызмет үшін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген мөлшерден асатын ақы алуға;
3) Тұтынушыдан оларға төлем құжаттарын ұсынбай қызметтердің ай сайынғы төлемін талап етуге құқылы.
8 тарау. Тараптардың жауапкершілігі
9 тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
10 тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу
11 тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тараптардың бірінен мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және сол жағдайларда ұзартылған болып есептеледі.
12 тарау. Тараптардың деректемелері
Қызмет көрсетуші:
Курчатов Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Абай облысы, Курчатов қаласы, Иртышская к.,7
«Банк ЦентрКредит» АҚ
KZ 618562203105492682
БСК KCJBKZKX
БСН 140840018306
Кбе 16, КНП 710
М.О.
/_____________________/ М.М.Аринов
(қолы)
Тұтынушы:
М.О.
/___________________/ ____________________
(қолы)